Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет77/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

130. Аққала құлату
Бұл ойынды ойнау үшін, бес-алты бала тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасын арқан өтетіндей етіп теседі. Қарды аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайшаның екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, тақтайшаларды аққалаға екі-үш қарыстай тақап қалғанда арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады.

131. Күзем алу


Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі  – «Күзем алу». Бұрынырақта «Күзем алып» жатқан ауыл кәдімгідей мерекелік ойын-сауық жағдайын басынан кешіреді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің. Жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап аяқпен тепкілей жон асырып, бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. Киіз басып жүргендер «Қой басты, қой басты», – деп домалатқан киіздерін үлкен үйлердің алдына әкеліп – ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған.


132. Құда тарту
Қазақтың салт-дәстүр, ойын-сауық ойындарының бір түрі – «Құда тарту». Бұл ойын-сауық түрі баласын үйлендірерде қыздың жағына барып құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасып арты тойға айналып шат-шадыман көңіл көтеріліп той өтіп жатқанда жігіт жақтан келген құдаларды далаға шығарып демалту барысында, бас құдадан бастап басқаларын қосақтап суға «Құда тарту» ойынын бастап жібереді. Ауылдың жанындағы өзен немесе үй жанындағы суы ағып жатқан тоғанға қыз жақтың адамдары құдаларды сүйреп әкеліп суға тоғыту ойыны басталады. Құдаларды суға тарту кезінде оларды киген киімдерімен де суға салып жіберу орын алып жатады. Ал суға тарту кезінде суға түскісі келмеген құдалар жағы өздерін босатып алулары үшін, суға сүйретушілердің сұраған айып-пұлдарын беріп, немесе талаптарын орындап құтылады. Бұл ойынның негізгі түйіні, суды қазақ халқы қастерлеп оны берекенің, тіршіліктің, байлықтың көзі деп санағандықтан, құдандалы болып жатқан екі жақтың үйленіп жатқан жастарының болашақтары берекелі, молшылықта болсын, құдалық мың жылдық болсын деген ниетпен, ырыммен «Құда тарту» ойыны ойналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет