Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет30/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Сырмақ сыру. Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сусыта салу, сүйретпе салу сияқты мазмұннан туындайды ма деген жормалымыз да жоқ емес.

Сырмақ атты мүліктің тұрмыс талабындағы мазмұны - төсеніш . адам өз тарихында төсенішті қай кезде қажетсініп, қашан пайдаланады екен? Алайда жамбасына сыз өтуден сақтану сезімі дәуірі мен төсеніш дәуірі тұрғылас болар.

Ту баста төсеніш ретінде иелеріді пайдаланғына алуан түрлі жорамал жасауға болады. Бірақ бізге керегі, мүлік ретінде, тұрмыс жабдықтарының бірі ретінде пайдаланылған төсеніштер. Әсіресе, етене жақын ұлттық тұрмыстағы - тері мен киіз төсеніштер.

Тері жамылғы мен тері төсеніші дәуірі тым ерте болар-ау. Ал қазіргі киіз төсеніштер мен киіз жамылғылардың өзі қай уақытта тұрмысқа енгені белгісіз. Ақ сырмақ. Шымқай ақ киізбен жабдықталған, бетіне ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл, тағы басқа түсті жіптердің бірінен сыңар жиек арқалы ою-өрнек түсіріле сырылған ақ сырмақтар.

Асты – үстіне, үсті шымқай қара киізбен көмкерілген, бетіне тек қара шуда жіппен ғана ою-өрнек түсіріле сырылған қара сырмақ. Шымқай қара киізбен қапсырылаған, бетіне ақ, қара, сары, қызыл, жасыл,көк түсті жіптердің бір түсінен сыңар жиек арқылы ою-өрнек түсіріліп сырылған қара сырмақ.

Беті шымқай бір түсті киіз болса да, ортасына бір түсті жиекпен ою-өрнек түсіріліп сырылған, жақауы басқа түсті жиекпен, әр түрлі ою-өрнекпен көмкерілген сырмақтар киіз өңіне қарай ақ немесе қара сырмақ деп аталады. Бұлай аталу сырмақтың негізгі төсегіне байланысты. Яғни беті шымқай ақ киіз, бетіне бір түсті матадан ою-өрнек жапсырылыған, ою шеттері бір түсті сыңар жиек жіппен жиектеліп сырылған ақ сырмақ болса, керісінше беті шымқай қара киіз болып, оған бір түсті матадан ою-өрнек жапсырылған, ою шеттері бір түсті жиек жіппен жиектеліп, сырылған қара сырмақ. Кейде сырмақтың ортасына бір түсті, жақтауына басқа бір түсті матадан ойылған оюлар жапсырылады да, ою шеттері жиектеледі. Киіз сырылады. Мұндай сырмақтардың үстіне матадан ою жапсырылғанымен киіз өңіне (фонға) қарай, ақ сырмақ, қара сырмақ аталады.

Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарының батысында және жапсарлас орналасқан Павлодар облысында киіз кілемнің (сырмақтың) бітпес деген түрі таралған. Бұл киіз кілемнің түрінде ою өрнек баудың киіз негізіне бекітілуімен жасалынады. Осы жоғарыда айтылған аймақтардағы сырмақ пен бітпестегі айырмашылық ондағы ою-өрнектерінде. Егер шығыс және оңтүстік –шығыста басты ою-өрнек тармақ мүйіз болса, ал біз айтып отырған сырмақ пен бітпестің ою-өрнегі текеметтің оюына ұқсас. Яғни қос мүйіз, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз түрлері қолданылған.

Сырмақ киіз өлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған бір түсті матаға басқа түсті матадан ою-өрнек ойылып жапсырылады да осы матамен киіз бетін тұтас қаптайды. Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне тұтас қапталған мата өңіне сәйкес түстеліп аталады. Кейде мұндай сырмақтардың ортасындағы ою-өрнек бір түсті матадан, жақтауларының ою- өрнегі бір мәнерде ойылады. Орта мен жақтауға ойылатын мән-мазмұны, мәнері бірін-бірі қайталамайды. Сырмақ сырылады, жиектеледі, астарланады. Сырмақтың осы түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады.

Көшпелі тұрмыста іргеден өтетін ызғардан сақтану үшін қолданылатын түскиіз де кәделі бұйымның бірі. Оның қарапайым киізден бастап неше түрлі сәнді, әдемілері де көп-ақ. Алуан түрлі ою-өрнек түсірілгені, жібек жіппен кестеленгені, зер жіпті гүл өрнек түсірілгені, оқаланған, төңірегіне құндық ұсталған, кей жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт, маржан қадалған аса қымбат түскиіздердің ортасына – жолбарыс, ілбіс, қабылан, сілеусін, тағы басқа аң терілерін тұтастай жапсырған түрлері де кезігеді.

Кейде сән үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай жапсырған немесе тері мен киізді біріне-бірін ойыстырған сырмақтар да болады. Мұндай төсеніштерге жүні мықты, тез қырқыла қоймайтын аң мен мал терілері пайдаланылып, сырмақ асты жеңіл матамен астарланады.

Көшпелі жорықты өмір талабына сай жабдықталатын осы сырмақ атты төсеніштер көбінесе бірыңғай таза киізден жасалады. Соған орай олардың үлгісі, көлемі, түрі-түсі, тіпті қай еденге, оның қай жеріне салынатын, тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат қойып, айдар тағылған. Мәселен, үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, жамбас сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек. Ал түрі-түсіне қарай – ақ сырмақ, қара сырмақ, қара ала сырмақ, қызыл ала, сары ала, көк ала тағы-тағылар болып атала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет