299
– Адамның мінезі. Ашу, ыза, жауластық, цинизмге бейім
адамдар стреске де бейім болып табылады, ал ашық, мейірімді,
әзіл сезімі бар адамдар керісінше тағдырдың тауқыметіне не-
ғұрлым тұрақты. Гарвардтың 300 түлегіне жүргізілген зерттеу-
лердің көрсетуі бойынша, әзіл сезімі айқын адамдар стресті
жеңіл басынан өткізіп, ұзақ өмір сүрген. Ал Ю.В. Щербатыхтың
жүргізген зерттеуі бойынша ар-намысы жоғары, өзінің эмо-
циясын бақылауға ұмтылатын, сондай ақ қатаң, реалист адам-
дарда стресс уақытында қан қысымы, қарама-қарсы мінездегі
адамдарға қарағанда өте жоғары көтерілген.
– Адамның бағыттылығы. Қоғамда жоғарғы лауазымға,
жоғарғы ақшалай кіріске ұмтылмайтын, талаптану дәрежесі
төмен адамдарға қарағанда, белсенді, данқ құмар, шыдамсыз,
тынымсыз, жетістікке бағдарланған адамдар, стреске бейім.
Зерттеулер толықтай дәлелдемесе де атеисттерге қарағанда
құдайға сенетін адамдар стресті басынан жеңіл өткізетінін
көрсеткен.
– Қоғамдық статус. Қоғамда жоғары лауазымға ие адам-
дардың стреске төзімділігі жоғары.
– Жақын әлеуметтік қоршаған орта. Адамның туыстары
және таныстары көп болған сайын соншалықты стреске төзім-
ділігі де жоғары болады. Бұл достар шын мәнісінде сол адамды
стрессордан қорғайды дегенді білдірмейді, бірақ жақын адам-
дары қиындықтың біршама бөлігін өздеріне қабылдайды. Ай-
наласында жақсылық тілейтін адамдардың болуы, адамның
олардың қолдауын сезінуіне және ортаның қауіпті факторла-
рын жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған қарама-қарсы
жалғыз тұратын немесе отбасында үнемі мәселесі бар адамдар
стреске бейім және жиі ауыратындығы байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: