Олардың алтынды генерирлеу әдісін табудағы басты мақсаты сары
немесе алтын түстес металды алу болды. Әк, күкірт, сірке қышқылы
және мысты пайдалана отырып, олар алтын түстес заттар алған және
көбінесе оны алтын деп ойлайтын.
Осы ізденістер нәтижесінде алхимиктер ерітінділерді кри-
сталдау және дистильдеуді үйренді, бірнеше белгісіз элемент және
қосылыстарды ашты.
Қазіргі заманғы зерттеушілер наномасштабы материалдар мен
реакциялардың ерекше физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерін ашуда. Оларды бір мезгілде теориялық біліммен,
компьютерлік модельдеу және эксперименттер арқылы зерттейді.
Жаңа материалдарды, қасиеттер мен үдерістерді тексеру
нәтижесінде нанотехнологияларды пайдалану туындады. Атомдар
мен молекулалардың (~1 нм) олардың аса үлкен (~100 нм) дейінгі
өлшемдерінің диапазонында коммерциялық өнімдерді жақсартудың
жаңа тәсілдерін ашуда. Аса масштабты деңгейлермен салыстырғанда,
наномасштаб тағы бір жай ғана деңгей емес, сапалы жаңа деңгей бо
лып табылады. Наномасштабты жүйелер квантты заңдар әлемінде бар
және оларды өте қуатты микроскоптар және басқа аспаптар көмегімен
ғана көруге болады. Енді қияшылардың сүйікті ойыншығы болып
келген кванттық заңдар, нанотехнологиялық зерттеулердің күнделікті
аспаптарына айнала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: