Негіздері



Pdf көрінісі
бет220/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.10.13 Ланцетниктің дамуы
Ланцетниктің дамуын тұңғыш рет зерттеп жазған орыс эмбриологы
А.О.Ковалевский. Ӛзінің магистрлік «Аmрһіохus lanсеоlаtus» тақырыбы 
бойынша диссертациясында (1885) Ковалевский ланцетниктің барлық даму 
кезеңін толық баяндаған. 
Ланцетник теңіздің тайыз бӛлігіндегі кұм арасында тіршілік етеді
үлкендігі 3-5 см, кішкене ғана теңіз жануары. Ол хордалы жануарлардың 
барлық негізгі белгілеріне ие, атап айтқанда түтік тәрізді арқа жотасында 
орналасқан нерв жүйесі мен хорда, сегменттелген тұлға мускулатурасы. 
Ланцетник жұмыртқасын суға салады, ұрықтануы суда жүреді, 4-5 күннен 
кейін личинка пайда болады. Жұмыртқасы изолецитальды, сары уызы ӛте 
аз, цитоплазмада біркелкі таралған. Жұмыртқаның вегетативтік полюсіне 
бір ғана сперматозоид енеді (моноспермия). Одан кейін жұмыртқаға 
сперматозоидтардың артық санының енуіне бӛгет болатын сары уыз 
қабықшасы
пайда болады. Бӛлшектенуі толық, біркелкі бӛлшектену. 
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы (зигота) 2, 4, 8, 16, 32 т. б. (72-сурет) болып 
геометриялық прогрессиямен кӛбейетін эмбриондық клеткалар —
бластомерлерге (грекше blaste - ұрық, mеrоs - бӛлік), толықтай 
бӛлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болады, соның ӛзінде 
вегетативтік жағындағы клеткалары анимальді жағына қарағанда ірірек 
келеді. Зиготаны екі бластомерге бӛлетін бірінші бӛлшектену жылғасы


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет