Негіздері


Эпифиздің шекаралық аумағында екі зона пайда болады



Pdf көрінісі
бет327/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Эпифиздің шекаралық аумағында екі зона пайда болады: 
4 — кӛпіршекті шеміршек зонасы; шеміршек жасушалары — ісінген, кӛпіршекті пішінді; 
5 — бағаналы шеміршек зонасы; бұл жерде жасушалар бӛлініп кӛбейеді және сүйектің 
ұзындығын бойлай колона түзеді. 
Эндохондрлық сҥйектену
7 — сүйекті трабекула: остеобластардан түзіледі; соңғысы мезенхимадан дамиды, ыдырап 
жатқан шеміршекке сүйек қабығы жағынан енеді.
8 —трабекула арасындағы минералданған шеміршек бӛліктері. 
Манжетка арқылы ыдырайтын шеміршек ішіне, шала жіктелген дәнекер 
ұлпалық жасушалармен бірге қан тамырлары ӛтеді. Осы жасушалардан 
кейбіреулері 
остеокластарға 
("сүйек 
ыдыратушы" 
жасушаларға) 
айналады. Остеокластардың мӛлшері 100 мкм жететін гидролиздеуші 
ферменттерге бай, кӛп ядролы ірі клеткалар. Остеокластардың бӛлетін 
ферменттері коллагендік талшықтар мен аморфтық жасуша аралық затты 
бұзып, кейінірек минералдық заттардың кристалдарын да жойып жібереді.


239 
Остеокластар шеміршекті 
"ыдыратып"
тамырларымен бірге бойлап
қозғалып үлкен қуыстар кұрайды. Сүйек шыбықтарының арасында қан 
тамырлары болады, шала жіктелген дәнекер ұлпасы остеобластар мен шала 
жіктелген элементтерге бай алғашқы сүйек майын түзеді, кейін ол тұрақты 
сүйек майына айналады (121,122-суреттер). 
Диафизде пайда болған сүйектену нүктесі эпифиздерге қарай тез 
таралады. Эпифизді диафизден бӛліп тұратын эпифиздік сызықты (ӛсудің 
шеміршек пластинкасын) және эпифизді толықтай қамтитын эпифиздің ӛз 
сүйектену нүктесі пайда болады. Адамның кейбір жіліктерінің эпифиздік 
сызығының шеміршегі 23—25 жасқа дейін сүйекке айналмайды. Эпифиздік 
сызықтың шеміршегі сүйектің ұзарып ӛсуін қамтамасыз етеді. Кейін эпифиздік 
сызықтың зонасындағы сүйек ұлпасының түзілу процесі тежеледі, шеміршек 
сүйекке айналады да сүйектің ұзарып ӛсуі тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет