30
кездің ӛзінде де жарық микроскопы зерттеу құралы ретінде ӛз маңызын
жойған жоқ.
Бірақ та, тірі материал ӛзінің мӛлдір және жеке жасушаларының қалың
болуына
байланысты
зерттеуге
қолайсыз.
Сондықтан
кӛбінесе
фиксацияланған (бекітілген) материалмен жұмыс жүргізіледі. Одан жұқа
кесінділер дайындап, түрлі бояулармен бояйды. Қалындығы 5-10 мкм
кесіндіні арнайы құрал - микротом арқылы дайындайды. Сапалы бекіткіш
объектінің тірі күйіндегі құрылымын кӛп ӛзгертпейді. Бекіткіш ұлпаны
тығыздайды және автолиз процестерін тоқтатады. Кейбір бекіткіш сұйықтар
белгілі құрылымдардың бояулармен боялу қабілетін арттырады.
Жиі қолданылатын бекіткіштер: формальдегид, қос хромдық калий
қышқылы, сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Кӛптеген
бекіткіш сұйықтардың қоспалары, оларды ұсынған зерттеушілердің
аттарымен аталған (Буэнің, Карнуаның қоспалары). Бекіткеннен кейін
объектіні ұлпаға сіңетін ортаға батырады ( целлоидин немесе парафин). Осы
тығыздаушы заттар жақсы сіңу үшін ұлпадан суды этил спиртінің кӛмегімен
ығыстырып шығарады, содан кейін ксилолға немесе толуолға салады. Бұл екі
процесс ұлпаға парафин сіңу үшін алдын-ала жасалады. Жылы сұйық
парафин ұлпаға сіңіп, қатып калады.
Микротомның кӛмегімен парафин блогынан шыныға бекитін жұқа
кесінділер дайындалады. Кесінділерден парафинді ксилолдың кӛмегімен
шығарады. Осыдан кейін кесіндідегі ұлпаларды гематоксилин және
эозинмен бояйды.
Достарыңызбен бөлісу: