49
болады. Жасуша аралық кеңістік кӛрші жасушалар плазмолеммаларындағы
гликокаликс қабаттарының ӛзара
әрекеттесетін аймағы;
-
құлып байланысы
– бір жасушаның плазмалық мембранасы екінші
жасушаның мембранасының ойысына сәйкес келетін ӛсінді құрайды.
Мұндай байланыстар эпителиальді ұлпаларда кӛп кездеседі және жай
байланысқа қарағанда берік болады.
-
десмосомалық байланыс
– кӛрші орналасқан екі жасушалар
мембранасында пішіні түймеге ұқсас ӛсінділер.
Бұл байланыс эпителий
жасушаларында кездеседі. Екі кӛршілес жасушалардың ара қашықтығы
25 - 30 нм, ондағы белоктардан диаметрі 0,5 нм болатын тығыз пластинка
түзіледі, оны
десмосома
деп атайды. Десмосомадан цитоплазмаға жіңішке
жіпшелер тарайды, олар цитоқаңқаның филаменттерімен байланысады.
Десмосома эпителиоциттер плазмолеммалары аралығында (22-сурет А),
олардың механикалық байланысын қамтамасыз етеді Эпителий жасушалары
десмосома арқылы жартылай базальді мембранамен байланыста болады.
-
Тығыз байланысу
— ұлпалар
жасуша аралық саңылауларын
қоршаған ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі ортасын сыртқы ортадан
бӛледі. Кӛрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері
бір-бірімен байланысып, жасуша аралық қосылу аймақтарын түзеді. Тығыз
жанасу арқылы иондар мен молекулалар ӛте алмайды (23-сурет А,Б). Тығыз
жанасу эпителий жасушаларының апикальды ұштары аралығында болады.
Достарыңызбен бөлісу: