Негізгі ұғымдар: қоғам, объект, пән, субъкт, категория, функция, әлеуметтік, жүйе, байланыс,әлеуметтік заңдар және т б



бет2/5
Дата28.02.2022
өлшемі19,06 Kb.
#133691
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану ғылым ретінде 1 дәріс
������ ���� ��� ����
Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым – қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.
Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет