Негізгі компоненттерінің мәні


"Тәрбие" ұғымының анықтамасын талдай отырып, тәрбие процесінің мәні неде екенін тұжырымдаңыз



бет28/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

25. "Тәрбие" ұғымының анықтамасын талдай отырып, тәрбие процесінің мәні неде екенін тұжырымдаңыз.
Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туындайтын объективтік процесс. Тәрбие деп тар мағынада тәрбиешінің және тәрбиеленушінің ата-аналармен бірігіп, жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана тәрбиеші және ата-аналар шұғылданып қоймайды, әртүрлі қоғамдық ұйымдар және қалың жұртшылық болып айналысады. Тәрбие – кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуі.
Тәрбие – нақты педагогикалық мақсат, міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпалы, қызмет ету процесі:
- қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақтың оны меңгеруі;
- жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс;
- ғылыми дүниетанымын, көзқарасы мен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процесі.
Сонымен, тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет