Негізгі компоненттерінің мәні


Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану



бет8/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану.
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді.
Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет