бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 1. Асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына тәрбиелеуге
немесе баланы қабылдайтын немесе қонақтайтын отбасына беру туралы шарт бойынша
патронаттық тәрбиелеуге берілген, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде — барлық типтегі
ұйымдарға (білім беру, медициналық және басқалар) берілген жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырған кезде баланың мүддесінде
оның ұлты, белгілі бір дінді және мәдениетті ұстанатыны, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда
сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасы тәрбиесіне
немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастырылғанға дейін
балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерін атқару баланың тұрған жері
бойынша уақытша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органдарға жүктеледі.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен Кодекс 15-1-тараумен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)