169- бап. Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу 1. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде
өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған
алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кірістерден қатарынан үш ай бойы
өндiрiп алу мүмкiн болмаған кезде борышкердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлкінен басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
2. Атқару құжатының негізінде немесе нотариатта куәландырылған келісімнің
негізінде алимент ұстап қалу алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне
байланысты жүргізілмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге
қарамастан және күтіп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына
қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (