Физиологиялық гипергликемия жеңіл сіңетін , аз уақытта тез қорытылатын көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланғанда байқалу мүмкін . Бұл жағдай тез өтеді және аз уақытты . Патологиялық гипергликемия– қант 24 диабетінде байқалады , бұл көмірсулар алмасуының бұзылуына алып келіп соғады ; бүйрек үсті безінің гиперфункциясы кезінде , ми ісігінде және тағы басқа жағдайларда байқалады . Қанда глюкозаның мөлшерінің азаюы гипогликемия деп аталады , ол ұзақ ашыққанда (бауыр гликоген қорын тез жұмсайды ) ; ауыр дене жұмысында , инсулин артық болғанда ( ұйқы безінің гиперфункциясында ) немесе инсулинді артық мөлшерде ағзаға ендіргенде байқалады . Осы жағдайлар ауыр күйге ұшыратады бас айланып , аяқта әлсіздік , солғындық , суық тер , ми зақымданады , кoмa дамиды , себебі нерв жасушаларына тек глюкоза ғана энергияның көзі болып табылады .
Сүт қышқылы ( N = 0,5-1,6 ммоль / л ) – анаэробты гликолиз нәтижесінде түзіледі . Тіндерде отектің жетіспеушілігі есебінен болатын жағдайлардың барлығы лактаттың тіндерден қанға өтуін жоғарыла тады . Мысалы , өкпе қабынуында , қан айналымы бұзылғанда ( жүрек ауруларында ) . Пирожүзім қышқылы ( ПЖ ) ( N = 0,03-0,10 ммоль / л )пируват тотығудан декарбоксилдену реакциясына ( аэробты жағдайда ) түспеген жағдайда қанға бөлінеді . Пируваттың қандағы мөлшері В витаминінің авитаминозы кезінде артады . ПЖҚ / лак тат арақатынасы ( қалыпты жағдайда 1:10 тең ) аэробты процестердің көрсеткіші ретінде кардиологтар үшін үлкен диагностикалық маңызы зор .
Жалпы липидтер ( 4-8 г / л ). бұл топка триацилглицеридтер ( ТАГ ) , фосфолипидтер ( ФЛ), БМҚ , холестерин және оның эфирлері жатады . Канда липидтердің көбею ( гиперлипемия ) байқалады :
1 ) тағам липидтерін көп мөлшерде қабылдағанда : 2 ) гликогенолиз процесі каркынды жүргенде (гликогеннің артык ыдырауы май тіндерінде липо лиздің күшеюіне әкеліп соғады , глицерин мен БMK канға келіп түседі де , бауырға тасымалданады ;
3 ) бір қатар эндокриндік бұзылыстарда , ашыккан да да байқалады .