Бүгінде
әлеуметтік
ғылымдарда
(А.И.Антонов,
В.В.Бодров,
М.С.Мацковский, В.А.Медков, З.А.Янкова) отбасын әлеуметтік институт
ретінде, отбасының қоғамдағы орны мен рөлі, оның экономикалық жағдайы
мен мәртебесі, демографиялық тәртібі тұрғысынан зерттеу отбасының
институционалдық дағдарысы жөніндегі прициптік талаптарға негізделеді.
Ғалымдар (В.С. Соловьев, А.Г.Харчев, т.б.) «отбасы» ұғымын анықтау
мәселесін дайындаудың негізгі бағыттарын мына тұғырлармен түсіндіре
отырып, отбасының әлеуметтік мәнін және оның басқа әлеуметтік
институттармен өзара әрекеттестігін қарастырады. Адам, отбасы, еңбек,
білім, мәдениет, отан, жер, әлем сияқты ұғымдармен жалпыадамзаттық
құндылықтарды ұсынады. Педагогикадағы әлеуметтік-гуманистік тұғыр
отбасын адамзатпен жасалған әлеуметтік-мәнді құбылыс ретінде және
бірмезгілде отбасыға субъектілік (тұлғалық) құндылық ретінде дамитын
социум деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Біз әлеуметтік-гуманистік тұғырды тұрақты, қайталанатын белгілер
жиынтығын игерген әлеуметтік феномен отбасының өзіндік ерекшеліктерін
анықтауға бағдарланған деп санаймыз. Бұл тұрғыдан отбасы топтық өзегі
«ана-бала», «әке-бала», «ана-әке» қатынасынан тұратын некелік одақ,
әлеуметтік институт және жауапкершілік, парыз және басқа әлеуметтік
нормаларды институциализацияландыру формасы ретінде қарастырылады.
Басқаша айтқанда, отбасы - бұл нәтижесі «жаңа өмір» болатын дүние [41, с.
75].
Достарыңызбен бөлісу: