Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)



бет44/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)

Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)


Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым және негізгі (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі) деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
3-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:
1) 3-4-сыныптардағы қарапайым деңгей – А1 2 игерімді қамтиды: бастапқы толық игерім А1.2 –3-сынып;
бастапқы жетік игерім А1 + – 4-сынып.
«Қазақ тіл» пәні тілдік және әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды.
3-4–сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарындағы (диктант) сөз мөлшері мен оған берілетін уақыт мөлшері, оқу жылындағы жазба жұмысының саны ұсынылады.

19-кесте – Жазба жұмыстарының (диктант) мөлшері





Сынып

Сөз мөлшері

Жазба жұмысына берілетін уақыт

3-сынып

20-30 сөз

10 минут

4-сынып

30-40 сөз

10-15 минут



Диктант жұмыстарын бағалау нормалары.
«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір- бірден қате жіберсе;
«4» дегенбаға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.

20-кесте – Мәтін бойынша оқу жылдамдығы




Сынып

сөз саны

3

40-45

4

50-55

Көркем жазуға бастауыш сыныптар үшін әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді, жүйелі түрде әріп элементтерін түзетіп немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет.


Әр тақырыпты өткеннен кейін сөздік диктант жүргізу қажет, оған 5-10 минут бөлінеді.
Сөздік жұмыстың көлемі: 3-сыныпта – 15-20 сөзді;
4-сыныпта – 20-30 сөзді құрайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:
оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
3-сынып – 4 сағат, жылына – 136сағатты;
4-сынып – 4 сағат, жылына –136 сағатты құрайды.
оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
3-сынып –3 сағат, жылына – 102 сағатты;
4-сынып – 3 сағат, жылына –102 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет