Образовательными потребностями методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата21.12.2021
өлшемі443,52 Kb.
#104346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, 10- сынып Олқылық, Методичка Карта вызова, Документ, Ерасыл Дюсембаев презентация космос
Қорытынды  

 

Білім  алу  үдерісіндегі  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды 

психологиялық-педагогикалық қолдау әр түрлі бейінді мамандардың (психолог, 

логопед,  дефектолог  мұғалім  және  т.б.)  қатысуын  талап  етеді.  Олардың 

әрекеттерін үйлестіру, бұл қызметке үйлесімділік пен мақсатты бағытталғандық 

түр  беру  үшін  білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларының  жұмысында 

командалық  тәсілдеме  қажет  болады.  Командалық  тәсілдеме  мамандар  мен 

педагогтардың  қосымша  кәсіптік  құзыреттілікті  меңгерулерін  білдіреді. 

Қажетті  құзыреттіліктер:  педагогикалық  бақылауды  жүргізе  білу,  баланың  әр 

түрлі жас шамасындағы нормативтік даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу, 

командада  жұмыс  істей  білу,  педагогикалық  мәселелерді  және  т.б.  ұжымдық 

талқылауға қатысу.  

Бұл жерде мамандар мен педагогтардың негізінде оқушының жеке басына 

деген  терең  сыйласымдық  пен  кез  келген  балаға  көмек  көрсетудің  жоғары 

уәждемесі жататын ұстанымдарының бірдей болуы өте маңызды болады.  

Әр  түрлі  бейіндегі  мамандардың  командалық  өзара  әрекеттесулерінде 

шешілетін  мазмұндық  міндеттердің  құрамына  балаға  оқыту  үдерісінде  тиімді 

көмек пен көмек көлемін таңдау міндеті кіреді. Тағы да бір мазмұндық міндетке 

педагогтарды  әдістемелік  қолдау,  олардың  бірыңғай  пәнаралык  команда 

жағдайындағы кәсіптік жетілуі жатады.  

Консилиумды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметін  және 

педагогтарды мамандардың өзара әрекеттесуінің негізгі түрі ретінде пайдалану, 

белгіленген  екі  міндетті  де  табысты  шешуге  мүмкіндік  береді.  Мамандар 

(психолог,  логопед,  мұғалім-дефектолог)  оқушының  мәселелері  туралы  тек 

айтып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  педагогқа  оны  жеңу  жолдарын  көрсетуге 

тиісті,  себебі  оқу  үдерісіндегі  білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  баланы 

қолдауға  байланысты  негізгі  жұмысты  педагог  атқарады.  Арнайы  білім  беру 

әдістемесін және тәсілдерін меңгерген мұғалім оларды оқыту үдерісін жоғары 

тиімділікпен қаматамасыз ете отыра, сыныптағы барлық оқушыларға қатысты 

оларды шығармашылықпен пайдалануға қабілетті болады.  

Сонымен, мектептік консилиум, оның жұмысын сөз жүзінде ғана емес, іс 

жүзінде  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  ол  оқушыларды  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  жүйесінде  ғана  емес,  сондай-ақ  мектептегі  білім  беру 

үдерісінің  сапасын  арттыру  бойынша  мәселелерді  шешуде  де  маңызды  рөл 

атқарады.  

 

 



 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет