Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу;
әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу;
ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу;
мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу;
мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.