«Елестету көрінісі»
Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.
«Ең зейінді»
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
«Еркін жазу»
Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
«Еркін пікір»
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |