Оқытушы: Ерназарова Лаура Узакбаевна Тобы; дш-22 11-К3 Шымкент қаласы 2022 ж



бет14/24
Дата18.01.2023
өлшемі201,61 Kb.
#165822
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
10 -11 сынып 22-23
8 (2.4), 5 ктж 1 жартыжылдық
ll бөлім “Сөз мәйегі-мақал”
Келесі сайысымыз,сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз.Мақалдардың жалғасын табу.
l топ:
1.Ең тәтті де-тіл, ….. (ең ащы да-тіл).
2.Отансыз адам- ….(ормансыз бұлбұл).
3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).
4.Өнер алды- …(қызыл тіл).
5.Отан….(оттан да ыстық).
6. Оқусыз-білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).
ll топ:
1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын).
2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).
3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).
4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).
6.Шебердің қолы- ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ).
-Армысың,ардақты анам-қазақ тілім,
Бір өзіңнен тараған өнер –білім.
Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы,
Жарқын болсын әрқашан келер күнің!
-Енді келесі сөзді мына оқушыларға берейік.Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.
1-оқушы: -Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім-анам тілім,ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым,тілегім,бар арманым.
2-оқушы: Менің тілім-Махамбеттің,Абайдың
Ұлы тілі-талайым деп санаймын!
Өткір,өжет,нәзік,сұлу,бай тілмен
Таңдайыма бал тамызам талайдың.
3-оқушы:  Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім,мен дағы өшемін.


lll бөлім  “Полиглот”
Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді.Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ,ағылшын тілінде шешу.
l топ:
1.Темір тілді,
Күміс үнді. (қоңырау,звонок ……)
2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег…..)
3.Үй үстінде алтын тас,
Алйын десем табылмас. (жұлдыз,звезда…..)
4.Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың. (мектеп,школа……)
5. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап,книга…….)
ll топ:
1.Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко….)
2. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи…..)
3.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.(бор,мел……
4.Жесең ащы,
Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук……)
5.Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако…….)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет