2.Иландыру – эмоционалды ерікті сипаттағы психологиялық әсер ету тәсілі. Тұлғаның ақпаратты мақсатты түрде сыни емес тұрғыда қабылдау. Иландыру мәні адамның сезіміне әсер ету арқылы оның ақылы мен еркіне әсер ету.
Иландыруға бейім тұратындар суггестивті деп аталады. Қарым-қатынас процесінде бір мезгілде формасына, мазмұнына негізделеді.Иландырудың әсер ету мазмұны «жабысқақтылығымен» ерекшеленеді. Ол иландырылған жағдайдағы бірігушілік пен түзету мағынасында қиын беріледі. Ол гетеросуггестиялы (яғни жан-жақтан) және аутосуггестиялы (өзін иландыру) формалары арқылы жүзеге асады.
Иландырудың объектісі – үлкен топпен бұқара болуы мүмкін. Иландыруда ең үлкен эффекті мынадай жағдайда болады, егер де иландырылып берілген ақпарат адамның қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес келген жағдайда. Іскерлік қарым-қатынаста әр адам әртүрлі деңгейде иландыра алады, қабылдау деңгейі әртүрлі, иландыруға бейімділігі де әртүрлі адамдар болатынын әрдайым есте сақтау керек.
Иландырудың эффективтілігі келесі факторларға тәуелді:
1.суггестордың қасиеті мен жағдайы (заңгер консультантқа, менеджер – бағынышусына т.б.) иландыруды іске асырушысы.
-оның әлеуметтік статусы мен беделінің жоғары болуы;
-еріктік, интеллектуалдық және мінез-құлықтық жайы;
-жетістікке жету қабілеті және оптимистілігі;
-ақпаратты жеткізуде аргументті, логикалы, эмоционалды компоненттерін дұрыс құрастыра білу;
-ақпарат көздеріне ерекше, қосымша сенімді әсер ету стимулын жасау қабілеті.
2.суггеренттің қасиеті мен жағдайы, яғни иландыруы бағытталған кісі
-оның астеникалық жағдайы, эмоционалды психофизиологиялық қосылу (стресс, дистресс, шаршау, әлсіз, ашу, т.б.)
-төменгі бағалау, өзіне сенімсіздік, шешім қабылдай алмаушылық;
-мазасыздану, үрейлену, ұялу, эмоционалдылығы жоғары, өзінің толық емес сезімдерінен комплекстену;
-бейнелі ойлау және беделге сенуі дамыған.
3.суггестер мен суггеренттің арасындағы эмпатия мен сенім маңызды орын алады.
-кілт сөздерінің нақтылығы және бейнелілігі;
-суггестердің комментариясындағы «жоқ» деген сөздер кездеспейді;
-сөздік динамикасы – бұл суггестияның негізгі тәсілі сөзінің тілдік спектрі үлкен қиыншылықпен ерешеленеді;
-мимика, жестикуляцияны суггерент эмоциональды қызығушылық, болашақтағы жақсы, сенімді, жағымды қатынастарын қалыптастыруға себін тигізеді.
-дауыс ырғағының сәйкес келуімен эмоцияға әсер етеді.
3.Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық қалыптың тууы және сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін өзінде қайталау. Өзгелерге еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында саналы қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті және еріксіз түрде де болады. Еліктеу баланың әлеуметтену механизмінің негізгі бөлігі болып табылады.
Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың әлемдік заңдылығы». Жануарлар әлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы болады. Г.Тардтың көзқарасынша, еліктеу – прогресстің көзі: жұрттың еліктеуі арқылы кезең мен қоғамда өнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі.
Еліктеу психологиялық әсер етудің тәсілі ретінде нақты заңмен жүзеге асады:
Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға қарағанда тез жүреді.
Екіншіден, әлеуметтік баспада төмен тұрғандар жоғарыдағыларға еліктейді.
Үшіншіден, неғұрлым адам ересек және білімді болған сайын еліктеудің қарапайы белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің әлемді қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі көңіл аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |