«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет25/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
әндогендік
және
экзогендік
кҥштердің әсерінен қҧралады.
Жердің ішкі кҥштерінің (вулкандық әрекет, жер сілкініс, жер қабығының 
ақырындап қозғалуы) әсерінен болатын рельефтің кез-келген ӛзгерістері 
табиғаттағы
эндогендік
кҥштердің; судың, желдің, адамның тіршілігінің 
арқасында болатын ӛзгерістер - 
экзогендік 
кҥштердің әрекетінен болады. 
Эндогендік және экзогендік кҥштердің байқалуы тау 
жыныстарының геологиялық қҧрамына, жер қыртысының ғасырлық
ӚЗГЕРУІНЕ 
, жергілікті жердің қҧрылысына, оның тектоникасына, жердің су 
жамылғысының ауытқуларына, вулкандық және сейсмикалық қҧбылыстарға, 
климат жағдайларына (жауын-шашын, температура, жел және т.б.), жердің 
географилық орынына, ӛсімдік жымылғысының ерекшеліктеріне байланысты 
болады. Кейде аталғандардың ішінен адамдардың тіршілігіне байланысты 
факторлар (мал жаю, орманды ағаштарды кесу, бӛгеттер салу); басқа 
жайғдайларды-табиғат кҥштері (жер қыртысының тҥсуі, тау тҥзілуі) басым 
болады. 
Топырақ, топырақ тҥзілу процесінің нәтижесінде пайда болады және 
дамиды. Жер планетасында минералдық заттардан органикалық заттардың 
қҧрылуының немесе, керісінше, тіршілігін тоқтатқан организмдердің 
органикалық заттарының минералдық заттарға айналуының ҥздіксіз процесі 
пайда болысымен топырақ тҥзілу басталған. Топырақ тҥзілу жердің 
гравитациялық ықпалымен атмосфера мен гидросфераның белсенді тҥрде 
қатысуымен литосфера және биосфераның ӛзара әрекеттесуінің нәтижесінде 
пайда болады. Топырақ тҥзілу процесінің негізгі энергия кӛзі бҧл Кҥн 
энергиясы. Топырақ тҥзілуде жердің географиялық орны, рельефтің нақты 
жағдайлары, ауа-райы ҥлкен роль атқарады. Топырақ тҥзілу процестері белгілі 
бір жылдамдықпен ӛтіп жатады, олардың байқалу нәтижесі уақытқа, яғни
топырақтың жасына байланысты болады. Қазіргі кезеңде топырақ тҥзілу
процестеріне адамзаттың ӛндірістік іс-әрекеті ӛте ҥлкен әсерін тигізуде. 
Топырақ тҥзілу процестерін зерттеген кезде топырақ тҥзілу
факторларына және топырақ тҥзілу жағдайларына баса назар аудару қажет. 
Топырақ тҥзілу факторлары - осы процестің материалдық және
энергетикалық қҧрамдас бӛліктері: топырақ тҥзуші тау жыныстары, тірі 
организмдер, кҥн радиациясы, атмосфераның жер бетіндегі қабаттары, 
топырақ, ыза және жер беті сулары; топырақ тҥзілу жағдайлары - кеңістікте 
және уақыт ішінде топырақ тҥзілу процесін анықтайтын шарттар: жердің 
географиялық орны, рельеф, топырақ тҥзілудің ҧзақтығы, адамның 
антропогендік, ӛндірістік іс-әрекеті. 
Топырақ түзілу процесі 

бұл литосфераның, биосфераның және 
сыртқы ортаның арасындағы энергия және зат алмасу.
Ол биологиялық, 
химиялық, физикалық процестердің кҥрделі комплексі болып табылады. Бҧл 
комплекстің қҧрамына нақты жағдайларды (шымдану, тҧздану, батпақтану, 
қарашірік жиналу) байқалатын элементарлық топырақ тҥзілу процесі кіреді. 
Тау ыныстарына тӛменгі 
сатыдағы ӛсімдіктердің (микроағзалар, балдырлар, саңырауқҧлақтар және 


қыналар) ӛсуіне байланысты бҧзылу ҥрдісі кҥшіне енеді (биологиялық бҧзылу), 
суда еритін қосылыстардың мӛлшері кӛбейеді, олардың бір бӛлігін ағзалар 
ӛздерінің денелерін қҧру ҥшін пайдаланады, бір бӛлігі сумен шайылып, 
заттардың ҥлкен геологиялық айналымына тҥседі.Бастапқыда пайда болған 
әртҥрлі суда еритін қосылыстардағы элементтерді ӛсімдіктер толық игермейді, тек 
ӛсуіне қажетті бӛлігі ғана алынады. Ӛсімдіктер қурап, шірігеннен кейін, аналық тау 
жыныстарының жоғарғы бӛліктерінде, ӛсімдікке керекті маңызды қоректік 
элементтері бар ӛлі органикалық заттар қатталып, біртіндеп жинала 
береді.Бҧзылумен қатар жҥретін органикалық заттардың ыдырауы мен 
минералдануы кезінде, қоректік элементтер қайтадан босап, оларды тірі 
ағзалардың келесі ҧрпақтары пайдаланады.Сонымен, тірі ағзалардың тіршілігі 
арқасында заттардың ҥлкен геологиялық айналымы шегінде кіші биологиялық 
айналым жҥреді, сол арқылы борпылдақ тау жыныстарының бастапқы ӛзгеруі 
немесе бастапқы топырақ тҥзілу ҥрдісі басталады.Аудан бірлігіндегі ағзалар 
саны кӛбейген сайын геологиялық айналымдағы қоректік элементтерді ағзалар 
пайдаланып, олар органикалық заттар формасы тҥрінде ҧсталады. Ӛліп жатқан 
организмдердің және ӛлі органикалық заттардың аналық тау жыныстарының 
беттері мен қабаттарындағы сандары артады, тау жыныстарының суға тәуелді 
қасиеттері біршама жақсарады. Белгілі бір аудандағы органикалық заттардың 
ыдырауы мен минералдануы кезінде бӛлінетін қоректік элементтер санының 
артуы, ӛсімдіктер санының одан ары артуын қамтамасыз етеді. Уақыт ӛткен 
сайын биологиялық айналым кеңейеді және бір мезгілде топырақтың тҥзілу 
ҥрдісімен бірге, тҥрі ӛзгерген борпылдақ тау жыныстарының ӛсімдіктерді 
сумен және қорекпен қамтамасыз ету қабілеттері де жетіледі. 
Уақыт ӛте келе, биологиялық айналым кеңиді, бастапқы топырақ тҥзілу 
ҥрдісімен қатар тҥрі ӛзгерген борпылдақ жыныстардың ӛсімдіктерді сумен, 
қоректік заттармен қамтамасыз ету қабілеті де артады. Ол жыныстарда жер 
бетіндегі бӛліктері мен тамырлары мықты, тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктермен 
қатарласа ӛсу қабілеті бар жоғары сатыдағы ӛсімдіктер (ағаш, бҧта, шӛптесін 
ӛсімдіктер) ӛсе бастайды. Биологиялық айналым аналық жыныстар қойнауына 
дейін жетеді және тірі органикалық заттар мӛлшері де артады. Ӛсімдіктердің 
тамыр жҥйелері жауын-шашын ылғалы мен қоректік заттардың бірталай бӛлігін 
сіңіреді, сол арқылы заттардың ҥлкен геологиялық айналымына кедергі 
жасайды, тіпті баяулатып тастайды. Алғашқыда топырақтың беті мен жоғарғы 
қабаттарында органикалық заттар жинақталады, сонымен қатар топырақтың су 
сыйымдылығы, яғни ӛсімдіктерді сумен қамтамасыз ету мҥмкіндігі де артады.
Микроағзалар қатысуымен органикалық заттардың ыдырауы мен 
минералдануы жҥреді, сонымен қатар, топыраққа ғана тән қарашірік 
қышқылдары мен органикалық қосылыстар тҥзіледі, олар, шіріген органикалық 
қалдықтармен бірге, топырақтардың жоғарғы қабатын сҧр немесе кҥңгірт-сҧр 
тҥске бояйды. Органикалық заттардың ыдырауы мен минералдануы қоректік 
элементтерді кӛп мӛлшерде шығаратын әртҥрлі микроағзалардың қатысуымен 
жҥреді. 
Аналық 
жыныстардың 
минерал бӛліктерінде де ағзалар мен органикалық қышқылдардың әсерінен 


ауқымды ӛзгерістер жҥреді, уақыт ӛте келе жыныстар қасиеттері мен сыртқы 
тҥрлері бойынша қабаттарға - горизонттарға бӛлінеді. Соның нәтижесінде жаңа 
табиғи, тарихи дене - топырақ тҥзіледі. Сонымен, заттардың биологиялық 
айналымының нәтижесінде ӛсімдіктер, жануарлар және топырақтың қалың 
қабаттары арасында зат пен энергия алмасуы жҥріп, микроағзалар қатысумен 
жаңа органикалық заттар минералданады, бҧзылады және тҥзіледі, ӛсімдіктерді 
сумен, қорекпен қамтамасыз ететін топырақтардың минералдық қҧрамы мен 
қасиеттерінде терең ӛзгерістер жҥреді - бҧл топырақ тҥзілу ҥрдісінің мәнін 
кӛрсетеді.
Топырақтардың пайда болуы - кҥрделі ҥрдіс, оның 
негізі заттардың биологиялық айналымы болып табылады. Топырақ тҥзілуіне В. 
В. Докучаевтың (1854) атап кӛрсеткен келесі бес факторлары ӛте ҥлкен әсер 
етеді, олар - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет