13. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
13.1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
13.2. Ішкі аудит қызметін құру және қызмет ету тәртібі, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы мен сыйлықақы мөлшері мен шарты Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.
13.3. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
13.4. Ішкі аудит қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және өз жұмысы туралы солардың алдында есеп береді.
14. ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТ
14.1. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есебін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген.
14.2. Қоғамның Атқарушы директоры жыл сайын акционерлердің Жалпы жиналысына өткен жылға арналған қаржылық есепті талқылауға және бекітуге ұсынады, оларға аудит Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарына сәйкес жүргізілген болуы тиіс. Қоғамның Атқарушы директоры қаржылық есептен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті ұсынады.
14.3. Қоғамның жылдық қаржылық есебі Директорлар кеңесінің алдын-ала бекітуіне акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын өткізу күніне дейін отыз күн бұрын жатады. Қоғамның жылдық қаржылық есебін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында жүргізіледі.
14.4. Қоғам жылдық қаржылық есепке аудит жүргізуге міндетті. Қоғамның аудиті Директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша Қоғамның есебінен не ірі акционердің талабымен өз есебінен жүргізілуі мүмкін.
14.5. Қоғамның құжаттары, оның ішінде Қоғамның қаржылық есебі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде және көлемде сақталады.Акционердің талабы бойынша Қоғам оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия ақпаратты беруге шектеу қоюға жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |