Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Тамыр-түйнек сапасын бағалау



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Тамыр-түйнек сапасын бағалау
. Азықтық картон, қызылша, жер алмұрты 
(топинамбур), турнепс секілді тамыртүйнектер малдың маңызды шырынды 
азығы болып табылады. Құрамында суы кӛп (70-90%) болғанымен, жоғары 
ӛнімділігінің арқасында, олардан егістік бірлігінен (1 га-дан) жиналатын 
қоректік зат кӛк және дәнді азықтікінен артады. Және негізінен жеңіл 
қорытылатын кӛмірсулардан (қанттар мен крахмалдан, гемицеллюлоза мен 
пектиндерден) тұратын олардың құрғақ затының құнарлылығы ӛте жоғары 
болады. Олардың құрғақ затының құрамында биологиялық тұрғыдан құнды 
(мысалы, картоптың негізгі ақуызы болып табылатын туберин протеині) ақуыэы 
мен макроэлементтерден калий элементі басым болады. Бұл олардағы кальций-
фосфорлық қатынасты оңтайландырып, күлінің реакциясының ас қорытуға 
жағымды сәл сілтілі болуын қамтамасыз етеді. Тамыртүйнек жемістілер С мен 
В тобының дәрумдеріне ал сәбіз бен асқабақ - каротинге (100-250 кг/мг) бай 
келеді. Құрғақ затының қорытылуы жеңіл және жоғары (85-90%) болғандықтан, 
1 кг-нын жалпы коректілігі құнарлы жемдікіндей 1 азык ӛлшеміне жетеді. 
Жиналған тамыр-түйнек пен бақша дақылындағы жасұшалық тыныстану 
мен ферменттік ыдырауды тежеу үшін 0-2°С температурада сақтау керек. Олар
–1 ...–1,5°С-та үсікке шалдығып, +3-4°С-та тыныстануы ӛсіп, кӛгеріп, шіріи 
бастайды. Сақтауға суы мол ірі тамыртүйнектерге Карағанда орта және 
ұсақтары шыдамды келеді. Жақсы сақталуы үшін олардың тазалығы мен 
бүтіндігіне кӛңіл бӛледі. Азықтық тамыр-түйнектер мен бақша дақылдарын 
түрі, тазалығы, бүтінлігі, ірілігі мен сақталу қалпы (үсімегендігі, толықтығы, 
кӛгермендігі) бойынша бағалап, күдіктісін малға жегізер алдында тазартып, 
жуып, бумен ӛңдейді. Әсіресе, малды уландыруынан картоптағы
сапонин
глюкозидінің мӛлшерінің түйнекте – 10 мг%, қабықта – 60 мг%, сабағы мен 
пәлегінде – 700 мг% мӛлшерінен аспауын қадағалау керек. 
Мал азығына дайындалған картопты органолептикалық тәсілмен бағалау 
үшін партиясынан 100 талын алып, бүтіндігі, бұзылмағандығы бойынша, қажет 
болса 
қабығын 
аршып 
кӛріп 
бағалайды. 
Бактериозға 
шалдыққан, 
саңырауқұлақпен зақымдалған картопты малға жегізу мӛлшерін 50%-ға 
азайтады. Бұл ауруларына қоса 3/1 бӛлігі шіріген болса, картопты пісіріп 
(пісірілген суын тӛгіп барып) жегізеді, ал 3/2 бӛлігі шіріген картопты малға 
жегізуге тиым салады. Пісірілген картоп жарғанда ұнтақты, ақ түсті, жағымды 


124 
иісті болса – "жақсы", балауыз тәріздес, қарая бастаған, тартымсыз иісті болса – 
"орта", сулы, қарайған, жағымсыз иісті болса – "нашар" болып бағаланады. 
Қызылша тамырын олардағы нитриттер мӛлшерімен бағалайды. Ол үшін 
қызылша тамырының әр жерінен алынған 10-15 г үлгісін колбаға салып, 50 мл 
дистилденген су құяды да, 15 минут қайнатып, бір қабат сорғыш қағаздан 
ӛткізіп, сүзеді. Сүзбені фарфор шәшкеде кептіріп, түбіндегі сарғыш тұнбаға 
дифениламиннің бірнеше кристалын салып, бірнеше тамшы күкірт қышқылын 
тамызса, нитриты кӛп ерітінді – кӛк, ал нитриты аз ерітінді - алқызыл түске 
боялады. 
Орташа 1 кг картопта - 0,3 азық ӛлшемі, 12 г қорытылатын протеин, 0,14 г 
Са, 0,7 г Р: топинамбурда - 0,27 азық ӛлшемі, 15 г қорытылатын протеин, 0,4 г 
Са, 0.4 г Р: қант қызылшасында - 0,24 азық ӛлшемі, 12 г қорытылатын протеин. 
120-160 г қант, 0,5 г Са, 0,5 г Р: азықтық қызылшада - 0.12 азық ӛлшемі, 9 г 
қорытылатын протеин, 40-60 г, қант, 0,4 г Са, 0,4 г Р: сәбізде - 0,14 азық ӛлшемі, 
7 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са. 0,5 г Р, 150-250 мг каротин: турнепсте - 0,1 
азық ӛлшемі, 6 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,4 г Р болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет