Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет35/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Топтар

Деңгейлер


төмен

орташа

жоғары

оқуш.


оқуш.


оқуш.


Сараптамалық топ

542

33

896

55,4

180

11,6

Бақылау тобы


458

36,5

542

43,2

255

20,3



сараптаманың соңында

Топтар

Деңгейлер


төмен

орташа

жоғары

оқуш.


оқуш.


оқуш.


Сараптамалық топ

47

-

972

23,33

599

46,67

Бақылау тобы


446

35,5

590

47

219

17,5


Зерттеу нәтижелерi бақылау топтарына қарағанда жоғары деңгейдегi оқушылар санының өсуiнiң жағымды динамикасын көрсеттi. Алынған мәлiметтер оқушылардың шығармашылығын дамыту жүйесiнiң тиiмдiлiгi туралы айтуға мүмкiндiк бердi.
Сынықтар алу жүйесiн пайдаланатын мониторинг бiздiң сараптамамызда оқушылардың көп деңгейлi тапсырмаларды таңдау еркiндiгiн назарда ұстады және, бiрiншiден, оқу процесiнiң ағымдағы нәтижелерi мен оны түзету мүмкiндiктерiн; екiншiден, педагогикалық кадрлардың шынайы деңгейiн, олардың инновациялық мiндеттердi шешуге даярлығын айқындауға мүмкiндiк бердi.
Осы параграфта баяндалған материалдарды жинақтап, талдай келе, төмендегiдей ой түйіндейміз:

  • бiлiм беру процесiнде оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамыту өлшемдері қатарына оқушылардың өзiн-өзi шығармашылық дамытудың неғұрлым жоғары деңгейiне өтуi; оқушылардың шығармашылық қуатын өзектiлендiру дәрежесiнiң жетiлдiрiлуi;


  • шығармашылығын дамыту дәрежесiн талдау, бұл үшiн жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту өлшемдерi мен деңгейлерi талданды.


Қорыта келе, біздер негізінен оқушылардың шығармашылығын дамытудың мынадай 7 құрамын дәлелдеуге тырыстық:


  • оқу себептілігі;


  • эмоционалдық сезінуі;


  • өзара қарым-қатынас;


  • зейін;

  • есте сақтау;

  • ойлау;

  • білім сапасы.

Пән мұғалімдерінен сауалнамалық сұрақ–жауап өткізу негізінде бұл құрамдардың жүйелілігін реттілігін анықтауға мүмкіндік алдық. Яғни, психологиялық тұрғыдан ең алдымен оқушылардың оқу себептілігін аша білдік. Одан кейін оқушылардың оқуға, мектепке деген эмоционалдық сезімдерін оятуға тырыстық. Бұл қасиеттердің оқушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде жүзеге асырылатындығын пайымдадық. Содан кейін ғана барып оқушылардың зейінін оқуға аудару арқылы олардың танымдық процестерін (есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиял, елестету т.б.) дамытуға мүмкіндік туғызылды. Осылардың нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері (оқу пәндері бойынша) эксперименттік сыныптарда бақылау сыныптарымен салыстырғанда, 24 кестеде көрсетілгендей, 22%-ға артқанын байқадық.


Сараптама көрсеткендей, гуманизациялау мен оқу-танымдық қызметтi технологиялық тұрғыдан жетiлдiрудi ұштастыру негiзiнде оқыту мазмұнын байыту оқушылардың шығармашылығын дамыту мiндеттерiн шешуде жоғары нәтиже бердi.
Сонымен, зерттеуімізде жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу процесiнде оқушылардың шығармашылығын дамыту бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық қызмет үлгiсiн сынақтан өткiзудiң зерттеушiлiк нәтижелерi бойынша оқу процесiнде оқушылардың шығармашылығын дамыту үлгiсiн жүзеге асыру үшiн зерттеуде мектеп ортасын педагогтардың бiрлескен және жеке қызметiнiң деңгейiнде басқару жүйесi; психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысының процесi; ұжымның дарынды балалармен жұмыс ерекшелiктерiн көрсететiн оқу процесiнің мақсатты түрде бағытталған жұмысы әзiрлендi.
Оқу процесiнде оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамыту мүмкiндiктерiн бiлу үшiн жүргiзiлген сараптамалық зерттеу қойылған мiндеттi, яғни, оқу процесiн оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамытуды қамтамасыз ететiндей және олардың өздiгiнен шығармашылықпен жүзеге асыру қажеттiлiгiн өзектiлендiретiндей технологиялық және мазмұндық тұрғыдан жетiлдiру мiндетiн шешудi педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудiң басты бағытын айқындауға мүмкiндiк бердi. Оның негiзiне позитивтiк психологиялық ахуалды қамтамасыз ететiн интерактивтік модулдік оқыту технологиясы алынды.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында оқу процесiн бақылауды бiр iзге салу және бiлiм беру мекемесiнде бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құруға ықпал ету мүмкiндiгiн беретiн психологиялық-педагогикалық мониторингтi қолдану оң нәтижеге жеткiздi.
Психологтар мен педагогтардың өзара қарым-қатынасын тең құқылы ынтымақтастық пен жеке жауапкершiлiк негiзiнде құруға және оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамыту мақсатында оқу процессінде оқушыларды тұтастай сүйемелдеп отыруға мүмкiндiк беретiн психологиялық-педагогикалық консилиумды пайдалану тиiмдi болды.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуға, оның даму дәрежесiн талдауға ықпал ететiн құрамдары, көрсеткiштерi және деңгейлерi анықталды.
Оқушының шығармашылығын дамытуға бағдарланған мектептi басқарудың жаңаша жүйесiнiң құрылымы түзiлiп, ол мектеп практикасында сыннан өткiзiлдi.
Оқушының шығармашылығын дамытуда интерактивтік модульдік оқыту технологиясы ең тиiмдi дидактикалық құрал болды.
Б.Блум мен В.Симонов жүйелерiнің өлшемдерi мен нәтижелерiн анықтау тәсiлдерi негiзiнде оқушының шығармашылық оқытылу деңгейi педагогикалық экспериментте анықталды. Оның тиiмдiлiгi 17 кестеде көрсетiлген.

ҚОРЫТЫНДЫ


Біздің теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмысымыздың нәтижелері мынадай қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік берді:

  1. Зерттелiп отырған мәселе бойынша көпшiлiк психологиялық-педагогикалық практиканы терең зерделеу оқушы шығармашылығын дамытудың әлеуметтiк-педагогикалық шарттарын айқындау қажеттiлiгi бар екенiн көрсеттi. Осындай шарттардың бiрi бiлiм берудi гуманизациялауды жолға қоятын жаңа бiлiм беру технологиялары болып табылады. Оқушылардың шығармашылығын оқыту технологиясы арқылы дамытудағы ғылыми-практикалық тәжірибенің рөлі: біріншіден, адамның өмірін бағалау, сақтау оқушыда тек гуманизацияланған оқу процесі арқылы ғана қалыптасады; екіншіден – оқушылардың шығармашылығы дамуы үшін оқыту технологияларын жасау жолдары қарастырылуы керек; үшіншіден, оқушының шығармашылығын дамыту процесінің прогрессивтілігі гуманизация арқылы жүзеге асырылады.


  2. Шығармашылықты дамыту процесiн философиялық-педагогикалық тұрғыдан талдай келiп, оның даму кезеңдерiн жүйеледiк, жеке тұлғаның даму деңгейлерiн айқындадық.


  3. Оқу процесiн гуманизациялаудағы педагогикалық технологиялардың ролi анықталып, олардың түрлерi мен тәсiлдерi нақты пәндерге, тақырыптарға сай талданды.


  4. Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған құрылымдық жүйесiн құрдық (3 сурет).


  5. .Жалпы бiлiм беру процесiнде оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамыту мүмкiндiктерiн бiлу үшiн жүргiзiлген сараптамалық зерттеу қойылған мiндеттi, яғни, оқу процесiн оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамытуды қамтамасыз ететiндей және олардың өздiгiнен шығармашылықпен жүзеге асыру қажеттiлiгiн өзектiлендiретiндей технологиялық және мазмұндық тұрғыдан жетiлдiру мiндетiн шешудi педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудiң басты бағытын айқындауға мүмкiндiк бердi. Оның негiзiне позитивтiк психологиялық ахуалды қамтамасыз ететiн модульдiк оқыту технологиясы алынды.


  6. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында оқу процесiн бақылауды бiр iзге салу және бiлiм беру мекемесiнде бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құруға ықпал ету мүмкiндiгiн беретiн педагогикалық- психологиялық мониторингтi қолдану оң нәтижеге жеткiздi.


  7. Психологтар мен педагогтардың өзара қарым-қатынасын тең құқылы ынтымақтастық пен жеке жауапкершiлiк негiзiнде құруға және оқушылардың шығармашылығын тиiмдi дамыту мақсатында оқыту барысында оқушыларды тұтастай сүйемелдеп отыруға мүмкiндiк беретiн психологиялық-педагогикалық консилиумды пайдалану тиiмдi болды.


  8. Оқушының шығармашылығын дамытуға бағдарланған мектептi басқарудың жаңаша жүйесiнiң құрылымы түзiлiп, ол мектеп практикасында сыннан өткiзiлдi.


  9. Оқушының шығармашылығын дамытуда интерактивтік модульдік оқыту технологиясы ең тиiмдi дидактикалық құрал болды.


  10. Б.Блум мен В.Симонов жүйелерiнің өлшемдерi мен нәтижелерiн анықтау тәсiлдерi негiзiнде оқушының шығармашылық оқытылу деңгейi педагогикалық экспериментте анықталды. Оның тиiмдiлiгi 17 кестеде көрсетiлген.


11.Негізінен оқушылардың шығармашылығын дамытудың мынадай 7 құрамын дәлелдеуге тырыстық:


  • оқу себептілігі;


  • эмоционалдық сезінуі;


  • өзара қарым-қатынас;


  • зейін;

  • есте сақтау;

  • ойлау;

  • білім сапасы.

Пән мұғалімдерінен сауалнамалық сұрақ–жауап өткізу негізінде бұл құрамдардың жүйелілігін реттілігін анықтауға мүмкіндік алдық. Яғни, психологиялық тұрғыдан ең алдымен оқушылардың оқу себептілігін аша білдік. Одан кейін оқушылардың оқуға, мектепке деген эмоционалдық сезімдерін оятуға тырыстық. Бұл қасиеттердің оқушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде жүзеге асырылатындығын пайымдадық. Содан кейін ғана барып оқушылардың зейінін оқуға аудару арқылы олардың танымдық процестерін (есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиял, елестету т.б.) дамытуға мүмкіндік туғызылды. Осылардың нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері (оқу пәндері бойынша) эксперименттік сыныптарда бақылау сыныптарымен салыстырғанда, 24 кестеде көрсетілгендей, 22%-ға артқанын байқадық.


Бiздiң зерттеулерiмiзден мынадай практикалық ұсыныстар жасауға болады:

  • оқу процесiнде оқушының шығармашылығын дамытудың бiз жасаған жүйесiн басшылыққа алуға болады;


  • гуманизациялау қағидасына сәйкес оқушының шығармашылығын дамытуда мектептi басқару жүйесiнiң жаңартылғаны жөн;


  • оқу процесiнде оқушылардың шығармашылығын дамытуда интерактивтік модульдік оқыту технологиясын пайдалану тиiмдi;


  • бiз жасаған құрылымдық жүйелерiмiздi басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жүйелi түрде педагогикалық мониторинг жүргiзiлiп тұруы қажет.


Бiздiң жұмысымыздың нәтижелерi мынадай перспективалық зерттеулердi қажет етедi:


Оқушының өз бетiнше танымдық iс-әрекетiн дамыту үшiн мұғалiмнiң ғылыми-iзденушiлiк қарекетiн жетiлдiру;
Оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған оқытудың басқа да әдiс-тәсiлдерiн анықтау;
Қазiргi бiлiм беру саласындағы болып жататын инновацияға сәйкес пән мұғалiмдерiнiң өздерiнiң шығармашылық қарекетiн үздiксiз жетiлдiру жолдары;
Оқу процесiн жетiлдiруде педагогикалық-психологиялық мониторингтi өткiзу тәсiлдерi.
Қорыта келгенде, бiздiң зерттеуiмiздiң ғылыми болжамы тәжiрибе-эксперименттiк жұмыста дәлелдендi деуге болады. Себебi, эксперименттiк және бақылау сыныптардағы оқушының оқытылу деңгейiнiң айырымы 16%-ға жеттi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет