Организмнің реактивтілігі


Сыртқы орта ықпалдарына организмнің иммундық жүйесінің қатысуынсыз жауап қайтаруының барлық түрлерін бейспецификалық реактивтілік – дейді



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,11 Kb.
#83957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
125 инф(1)

Сыртқы орта ықпалдарына организмнің иммундық жүйесінің қатысуынсыз жауап қайтаруының барлық түрлерін бейспецификалық реактивтілік – дейді.Мәселен, ашығу, жарақат, қансырау, гипоксия, температуралық, химиялық және сәулесоқ әсерлер кездерінде реактивтіліктің бейспецификалық көріністері байқалады. Жұқпалар, аллергиялық, аутоиммундық аурулар кездерінде реактивтіліктің әрі спецификалық (иммунитеттің сұйықтық және жасушалық тетіктері), әрі бейспецификалық көріністері айқындалады. Соңғысына қабыну, лейкоцитоз, қызба, бүлінген ағзалардың қызметтері бұзылыстары т.б. жатады.
Бейспецификалық реактивтілік физиологиялық және дерттік деп ажыратылады. Физиологиялық реактивтілік – деп сау организмнің қоздырғыштарға жауап қайтару қабілетін түсінеді.
Дерттік реактивтілік – деп әртүрлі экзогендік және эндогендік ықпалдардың әсерлеріне организмнің қалыптыдан ауытқыған, өзгерген түрде жауап қайтару қабілетін айтады. Ол гиперергия, гипоергия, анергия, дизергия түрлерінде көрінеді. Дерттік реактивтілік мына жағдайларда:
● тұқым қуалаушылыққа бейімділігі бар және аллергиялық болмысы болуы кезінде;
● жаңа, әсіресе шала, туған балалар мен кәрі адамдарда;
● сүлде аурулардың болуы нәтижесінде;
● организмнің ұзақ немесе сапалы ашығуы кезінде;
● организмнің ұзақ гиподинамиясы кезінде;
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластануларының әсерлерінен - байқалады.
2-сызбанұсқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет