Орынбай Бертағыұлы


- деңгей ХІХ ғасырдағы Қазақстан жерін отарлау саясатын танытыңыз



бет10/23
Дата27.12.2022
өлшемі157,63 Kb.
#164682
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
19 ғ әдебиет жауаптары

2- деңгей

  1. ХІХ ғасырдағы Қазақстан жерін отарлау саясатын танытыңыз.

Қазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды . 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.
Ресейде 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған орыс шаруаларын кіріптарлықтан босату жөніндегі реформалық шаралардан соң патшалық билік Қазақстан сияқты империяның шет аймақтарына жерсіз орыс шаруаларын мейлінше көбірек қоныстандыру әрекетіне көшті. Мұндай шара арқылы үкімет өзара тығыз байланысты екі мақсатты көздеді. Біріншіден, реформалық шараларды іске асыру барысында ішкі губернияларда жерге байланысты қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті жерсіз орыс шаруаларын Қазақстан және басқа отарлық тәуелділіктегі аймақтарға қоныс аударту арқылы бәсеңдету болса, екіншіден, қоныс аударушы орыс және баска еуропалык тұрғындарды жаңа қосып алған аймақта өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдырып, солардың көмегімен жергілікті отарлық билікке қарсы күштерді басып, болашақта отарланған жұртты орыстандыру арқылы оның этностық аумағын біржола империяның географиялық құрамдас бөлігіне айналдыру еді.
Егіншілікке жарамды қазақ жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының пайда болуы дәстүрлі қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет