Орындаған: Шаңлатбай Айгерім



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі5,07 Mb.
#121511
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
0-10388294569 20211020 130504 0000
doska, 8 кл. СОР 4 четв., 1549541831 (1), 1549541831 (1), 1549541831 (1)
Зімбір
Зімбір, жанжабіл — тропиктік өсімдіктің кептірілген тамыр сабағы.
Өзіне тән иісі және дәмі бар. Құрамында эфир майлары бар.
Үгітілген зімбірден гөрі үгітілмегенінде хош иіс ұзығырақ
сақталынады. Зімбірді кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне
дәмін кіргізуге пайдаланады. Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада,
Аустралияда, Африкада, Үндістанда, Жапонияда 80—90 түрлері
өседі. Қарапайым зімбір тамырында эфир майларымен бірге
фенолтәріздес заттектер бар. Зімбір саудаға тамырлар түрінде және
ұнтақталған болып түседі. Оны аспаздықта, шұжық және ликер-арақ
өндірісінде қолданады. Хош иісті қоспа ретінде квасқа, ашымыққа,
балға, пряникке, қалаштарға, тосап, компотқа қосылады.


Құрамы
Зімбір тамырының тартпа және ащы хош иісі ондағы эфир
майының құрамына байланысты сезіледі, ол негізінен тамырда
шоғырланған. Зімбірдің негізгі компоненттері: цингиберен
(зингиберен) – 70% дейін, крахмал – 4 %, гингерол – 1,5 %, камфен,
линалол, гингерин, фелландрен, бисаболен, борнеол, цитрал,
цинол, қант және май. Зімбір құрамында C, B1, B2, A витаминдері,
микро және макроэлементтер (мырыш, натрий, калий, темір,
магний, фосфор, кальций тұздары) және маңызды
аминқышқылдары: валин, лейцин, метионин, треонин, триптофан
және фениланин бар.


Зімбірдің құрамында пайдалы дәрумендер, минералдар және эфир майы
бар. Зімбірдің басты пайдасы тамақтан улану, жүрек айну және құсу кезінде
таптырмас көмекші бола алғанында. Құрамындағы магнийдің көптігіне
байланысты зімбір ағзаны шлактардан арылтып, соымен бірге жүйке жүйенің
жағдайын жақсартады. Зімбір қанның қоюлануына пайдалы, өйткені қанды
сұйылтып және тамырлардағы қан айналымын жақсартады. Қанның ұйып
қалу қаупін азайтады. Суық тигенде зімбір мұрынның бітелуін азайтып және С,
В дәрумендерінің көптігіне байланысты ағзадағы иммунитетті арттырады.
Тамыр құрамындағы алкалоидты гингерол бактерияға қарсы әсері бар
болғасын ағзадағы жылу өндірісін жақсартады және салқын күйде қыздырады.
Сонымен қатар, зімбір мигрени, артрит және бұлшықет ауырсынуын
жеңілдетеді. Оның әйелдердегі мерзімді ауырсынуды жеңілдететін қасиеті бар.
Зімбірдің қабынуға қарсы қасиеттері бар және иммундық жүйені нығайтады.
Егер сізде жағымсыз ауру сезілсе, бір стакан бал және лимон қосылған зімбір
шайың дайындап, ішіңіз. Зімбірдің құрамындағы пайдалы заттар оның жаңа
піскен түрінде жақсы сақталады. Кептірілгенінде аз мөлшерде болса, ал
мұздатылған немесе маринадталған түрінде барлық пайдалы заттар жойылып
кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет