Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
Барлығы: [5+5=10 балл]
25
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(жалпы орта білім беретін мектептердегі
қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға)
Нұсқа №3
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Көшпенділер мәдениеті
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани
мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет,
сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатады. Адам баласының шаруашылыққа
байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының
ерекшеліктерінен туындайды. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты
мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көшіп-қонуға
ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілерінің біріне
жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді жатқызамыз. Киіз үй тек баспана
емес, халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады.
Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы – көшпелілердің
киіз үйі. Киіз үй – Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі
тұрғын үйі. Ол – көшпенділердің оңай жығып, шапшаң тігуге, көшіп-қонуға
ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік
құрылыс. «Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі) – қырғыз-қайcақтардың
үйі, оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір
түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз
жабдықтардан тұрады. Біріншісі – үйдің негізі, ал екіншісі – суық пен аяздан
қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және
шаңырақ», – деп жазады Шоқан Уәлиханов.
Шаңырақ – киiз үйдегі ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын
байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана
емес, жамандықтан қорғайтын киелi орын. Шаңырақ – қасиетті. Шаңырақтың
астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Ошақ орналасқан соң, ортаға
қазан асылады. Шағырақтың астында тұратын қазан – «Құт» деген түсiнiктiң
басы. Оған аспаннан нұр құйылады. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi –
Түркiстандағы Тайқазан. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар
да бар. Оның бiрiнде: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан
құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы деп
те айта аламыз.
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл – күннiң сәулесi үйге
бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте – төр. Төрде отырып,
билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны «төр» сөзi Орхон-
Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға
болады.
Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да,
туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол
оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге
|