Орта білім беру



бет107/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.

  1. сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін

сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында өткізілген сабақтар білім алушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

  1. сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.

Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы түрлі ұлттардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білім алушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.

  1. сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 59-кестеде берілген.



  1. кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

2

2

3

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Сынып



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет