Қосымша 5 "Патология негіздері" силлабусына


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет2/4
Дата11.09.2022
өлшемі28,48 Kb.
#149156
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№1
программы каз 3 курс и 2 курс сокращ
Білім берудің және оқытудың әдістері:

- сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды талқылау;
- жағдайлық есептерді шығару;
- логикалық сұрақтарды талдау.



  • Әдебиеттер:
    Негізгі әдебиет:

  • 1. Нұрмұхамбетұлы Әдiлман Патофизиология [Мәтін] : оқулық /. - Алматы :Эверо. Т. 1. - 2016. - 182 б.

  • 2. Нұрмұхамбетұлы Әдiлман Патофизиология [Мәтін] : оқулық /. - Алматы :Эверо. Т. 2. - 2016. - 214 б.

  • 3. Нұрмұхамбетұлы Әдiлман Патофизиология [Мәтін] : оқулық /. - Алматы :Эверо. Т. 3. - 2016. - 216 б.

  • Қосымша әдебиет:

  • 1. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ.; Мамандандырылған патологиялық физиология курсы: оқу - әдістемелік құралы/ ҚММУ. - Қарағанды: АҚНҰР, 2013. - 268 б.

  • 2. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ.; Патологиялық физиология пәні бойынша ситуациялық есептер жинағы: оқу - әдістемелік құралы/ҚММУ. - Қарағанды: АҚНҰР, 2013. - 198 б.

  • 3. Жәутікова С.Б., Стоматология мамандығына арналған "Патологиялық физиология". / ҚММУ. - Қарағанды: АҚНҰР, 2014. – 132 б. 4. В. В. Новицкий, О. И. Уразова. — қазақ тіліне аударған Жәутікова С.Б. Патологиялық физиология: тәжірибелік сабақтарға нұсқау: оқу құралы /Патофизиология: руководство к пракитическим занятиям: учебное пособие — М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. — 768 б.

  • 5. Уразалина Н. М. Тест тапсырмалары профилизация элементтерімен бірге патологиялық физиология бойынша мамандықтар: 051301-жалпы медицина, 051302-стоматология [Мәтін]. ІV-бөлім : Асқорыту, бауыр, бүйрек, эндокриндік және жүйке жүйелерінің патофизиологиясы, 2014. - 204 б

  • Бақылау:

Тесттік тапсырмалар:

  1. Жалпы нозология бұл:

    1. Аурудың пайда болуының себебі мен жағдайы туралы ілім

    2. Аурудың дамуының механизмдері жайлы ілім

    3. Типтік патолгиялық үрдістер жайлы ілім

    4. Патологияда организм реактивтілігінің рөлі туралы ілім

    5. Ауру туралы жалпы ілім

2. Ауру бұл:

  1. Қандай да бір әсерге организмнің ерекше серпілісі

  2. Зақымдалған ұлпада, мүшеде немесе ағзада патологиялық және қорғаныс-бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы

  3. Организм үшін бейімделулілік мәне бар: қалыптан (нормадан) тұрақты ауытқу

  4. Сыртқы ортаның зақымдаушы әсеріне жауап ретінде туып, қоршаған орта жағдайларына бейімделу қасиетінің шектелуімен және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталатын, организмнің денсаулық жағдайынан жаңа сапалық айырмашылығы

  5. Жоғары жүктемеден белгілі бір мүшелердің немесе жүйелердің бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен сипатталатын организмнің жағдайы.

3. Патологиялық үрдіс деп:

  1. Организм үшін бейімделушілікке маңызды емес, қалыптан тыс ауытқу жағдайы

  2. Қоршаған орта факторларынан ұлпалар және мүшелердің зақымдалуы

  3. Организмнің әртүрлі әсерлерге адекватты емес жауабы

  4. Зақымдалған ұлпада, мүшеде немесе организмде патологиялық және қорғаныс бейімделу серпілістерінің бірігуі

  5. Бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы.

4. Патологиялық серпіліс - бұл:

  1. Организмнің әсерге қысқа уақытта ерекше (адекватты емес) жауабы

  2. Баяу ағымды патологиялық үрдіс

  3. Қандай да бір әсерге организмнің қысқа уақытты адекватты серпілісі

  4. Зақымдылған ұлпада патологиялық және қорғаныс- бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет