1 Бағалау мақсаты Білім алушылардың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін
меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
(бұдан әрі – МЖМББС) сәйкес анықтау.
1.1. Оқу бағдарламасымен өзара байланысы Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-
сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
мазмұнын қамтиды.
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқитын білім алушыларды
қорытынды аттестаттау үшін жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны қамтылады.
Білім алушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-
ның күтілетін нәтижелермен анықталады.