Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
өмірбаян – автобиография
өміріне қатысты мәліметтер – собственное жизнеописание
хронологиялық тәртіппен – в хронологической последовательности
құрастырады – составляет
типтік үлгі – типовой формуляр
мақсатына байланысты – в зависимости от назначения
қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін – может быть сжатой или
развернутой
әдетте – обычно
құжаттың атауы – название документа
автордың аты-жөні – отчество и фамилия автора
туған жері мен туған жылы, айы, күні – дата и место рождения
білімі мен мамандығы – образование и специальность
қызметіне қатысты мәліметтер – трудовая деятельность
марапаттаулар мен алған мадақтаулары - награды и поощрения
отбасы жағдайы мен отбасы құрамы – семейное положение и состав семьи
үйінің мекен-жайы мен телефоны – домашний адрес и телефон
толтырылған күні мен жеке қолы – дата и личная подпись
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат өмірбаян деп аталады? Өмірбаянның типтік үлгісі бар ма? Мақсатына байланысты өмірбаян қандай нұсқада болуы мүмкін? Әдетте өмірбаянда қандай мәліметтер көрсетіледі?
2-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен қайда? деген сұраққа жауап беретін сөз формасын жасаңыз.
Қостанай қаласы, Наурызым ауданы, Алматы, Петропавловск, Қазақстан Республикасы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық департаменті, Ғылыми-жобалау институты, «Даяна» сән үйі, Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы, жұмысы, сырт, іш, әкімшілік, Астана.
3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Өмірбаян – жеке (адамның, адамға, адаммен, адамда) өмір жолы хронологиялық (тәртіпке, тәртіпте, тәртібі, тәртіпсіз, тәртіптен) қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте (оқудан, оқумен, оқуға, оқуды, оқуда) түсу, жаңа қызметке тұру (кезімен, кезінде, кезінен, кезін, кезінің) жазылады. Ол таза қағазға (қолдан, қолға, қолы, қолмен, қолын, қолдың) жазылады. (Өмірбаянға, өмірбаянды, өмірбаянның, өмірбаяны, өмірбаянда) мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік (қасиеттерінің, қасиеттерімен, қасиеттерінде, қасиеттерін, қасиетім) жан-жақты баяндап беруге тиіс.
4-жаттығу. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя нижеприведенные наречия).
Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.
5-жаттығу. Составьте предложения, употребив в них наречия места, переведите на казахский язык.
Вверху, вдоль, впереди, где-то, здесь, там, откуда, отсюда.
6-жаттығу. Спишите, переведите на казахский язык. Употребите следующие наречия с глаголами.
1. Вежливо, тепло, спокойно, ярко, роскошно, тихо, аккуратно, радостно, счастливо.
2. Грустно, печально, взволнованно, громко, грубо, тускло, скромно, небрежно, холодно, беспокойно, беспечно, беззвучно.
Достарыңызбен бөлісу: |