Оқу жылы Түсінік хат


-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



бет6/31
Дата08.02.2022
өлшемі2,63 Mb.
#120096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жаңа КТЖ 5-9 сынып (1)

59-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

2

2

3

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2



Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.


«Өлкетану» оқу курсы туралы
2018-2019 оқу жылынан бастап қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында мектеп бағдарламасына жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу курсы енгізіледі.
Курс мақсаты туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Курс міндетіне:
– Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка бойынша сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;
– туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;
– өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;
– туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

    • білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап, қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;

    • туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

    • туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

    • туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.
5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында өткізілген сабақтар білім алушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.
6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы түрлі ұлттардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білім алушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 59-кестеде берілген.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 17-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 206-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет