«Шетел тілі » оқу пәні бойынша жиынтық бағалау»
Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет бөлім (БЖБ) үшін және тоқсан (ТЖБ) үшін жиынтық бағалау процедураларының белгілі бір санын жүргізуді көздейді. 1- сыныпта жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады.
БЖБ үшін ең жоғары балл, формасы (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе), БЖБ өткізу сабағы және ТЖБ орындау уақыты регламенттелмейді.
1-4 сыныптарда БЖБ үшін ең жоғары балл кемінде 7 және 15 балдан аспауы тиіс. Төменде бөлім/өтпелі тақырып үшін жиынтық бағалау процедураларының саны берілген (28-кесте).
28-кесте. «Шетел тілі » пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны
сыныбы
|
Жиынтық бағалау процедураларының саны
бөлім/ортақ тақырып үшін
|
БЖБ балдары
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
әр тоқсанда
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
12 баллов
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
14 баллов
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
16 баллов
|
4-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
18 баллов
|
* Жиынтық бағалауда бөлім / ортақ тақырыпқа сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдау және сөйлеу; оқу және жазу).
Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауда төмендегі ұсынымдар беріледі:
1-4-сыныптарда оқу процесі оқылатын (ағылшын) тілде жүргізіледі, бірақ қажет болған жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде ана тілін қолдана алады;
1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бөлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;
сабақта ұсақ моториканы дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;
оқу тапсырмаларын орындауда білім алушыларды жұмыстарын уәждемелеу, білім алушыларды ынталандыру және қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;
сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушыларға сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тапсырмаларды орындау барысында оларды тануына мүмкіндік береді;
мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анық айту;
мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;
білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және оларды жаңартып отыру;
іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |