№
|
Сипаттама
|
Логотиптің әріптік белгісі
|
1
|
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар сияқты бұл фабрика Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі эвакуацияланудан кейін екінші үйін тапты. Бұл фабриканың бастапқы кезеңі Астраханнан жабдықтармен бірге бірінші эшелонның келуінен басталды. Жарты ғасырлық тарихында бұл компанияның жалпы өндірістік қуаты 1 млн. тоннадан астам болды.
|
|
2
|
Бүгінгі бұл компанияның негізі ... 1941 жылдың тамызында Жалпыодақтық «Ювелирторг» кеңсесінің тәуелсіз Қазақ бөлімі ретінде қаланды. Ол қазіргі таңда 20-дан астам зергерлік дүкендерімен өз ұстанымдарын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар құндылықтар мен дәстүрлерді сақтап және көбейтіп отырған кеңестік заманнан бергі жалғыз сауда ұйымы болып табылады.
|
|
3
|
Бүгінгі таңда бұл компания ет, шұжық және консервіленген өнімдер шығаруға маманданған кәсіпорын болып табылады. Комбинаттың ет-консерві өнімдерін өндірудегі өндірістік қуаты - бір ауысымда 35 мың қалбыр; шұжық, тартылған ет және тұшпара өндіру бойынша - бір ауысымда 10 тонна. Зауыт 1931 жылы құрылды.
|
|
4
|
Макарон- ұн тарту өнеркәсiбiндегі жетекші кәсіпорын. Ол макарон, ұн және оған жататын өнімдердің 38 түрін шығарады. Компания 1996 жылы құрылды. Ол Қазақстанның 11 өңірінде және 7 шет мемлекеттерде өз қызметін атқарады. Кәсіпорынның штатында 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Өз өнімдерін Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Түркіменстан, Литва, Беларусь, Германия және Қытайға экспорттайды.
|
|
5
|
Бұл компания - әлемдік атом өнеркәсібінің көшбасшысы және әлемдегі жетекші уран өндіруші. Компания 1997 жылы құрылды. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан, қызметкерлер саны- 27 752 адам. Жалпы айналымы 39,7 млрд теңгені құрайды (2015 ж.).
|
|
6
|
Қазақстандағы азық-түлік және сусын саласындағы жетекші компания. Негізі 1994 жылы қаланған бұл компания қазіргі таңда жалпы қуаты жылына 750 млн литрді құрайтын Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде 4 өндірістік объектілерді біріктіреді. Компанияның мақтанышы -«Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық орталығы болып табылады. Ол Орталық Азиядағы ең озық зауыттардың бірі. Зауыт аумағының ауданы - 21 га. Бұл компания шамамен 2 мың. адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
|
|
7
|
Осы компанияның негізін қалаушы Вальдемар Айфельд Қазақстанда сыйлықақылы (премиальные) сувенирлер нарығында монополистке айналды. Оның жылдық айналымы ондаған миллион доллар. Компания 2006 жылы құрылған және бүгінгі таңда ол еліміздің ірі қалаларында кең аймақтық желілерін (шамамен 30 бутиктер) қалыптастырды. Барлық өнімдері топтамаға жинақталады, мысалы: «Silk Way», «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Түркістан реликвиясы», «Астана», «Ислам», «Мирас» және т.б.
|
|
8
|
Осы ұйымның бас компаниясы - Cuprum Holding Limited. Компанияның тарихы 1913 жылдан, Жезқазған мыс кен орнында алғашқы ауқымды тау-кен және мыс рудасын дайын өнім алу үшін өңдеу жұмыстары басталған уақыттан бастау алады. 2013 жылы бұл компанияның қызметкерлер саны 57 мың адамды құрады. 2013 жылы компанияның айналымы 3099 млрд. долларды құрады.
|
|