Түсінік хат
Оқу құралында келтірілген материалдар үшінші сынып оқушылары үшін ғылыми жүйеленген,күнделікті өмірде қажет.
Оқу құралын өз деңгейінде оқыту үшін мұғалімдерге көмек ретінде бірнеше қосымша кітаптар ұсынылады.Олар: «Қазақ дәстүрлері мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі», «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы», «Қазақы тыйымдар мен ырымдар».Осы кітаптардағы мағлұматтарды орынды қолданып,тиімді пайдалану мұғалімнің еншісінде.
Ұлттық дүниетаным пәні 3-сыныпта аптасына бір сағат ғана оқытылады.Жылдық жүктеме -34 сағат.Бағдарламаға сәйкес ұлттық дүниетанымды оқыту үзіліссіз,сатылы білім беру мақсаты орындалуға тиіс.
Әдістемелік құралда әр сабақты ұйымдастыру кезеңінен үлгі көрсетілген.Бірақ бұдан мұғалім сабақты тек осы үлгіде өткізуге тиіс деген ұғым тумауы керек.Дегенмен мұнда берілетін білім деңгейі көрсетілгендіктен,осы деңгейден төмендеуге болмайды.Әр сабақ сайын жаңа ұғымды берумен қатар өткенді қайталау,сөздік қорын дамыту,жаңа сөздер мен атауларды енгізу үнемі назарда болуы шарт.
Сондай-ақ оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарына кең көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |