Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет459/674
Дата02.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134045
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   674
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
364 
E)Ерлік тәрбиеден туады 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, 
аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың 
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем 
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз 
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан 
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен 
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын 
шығарды. (166 сөз) 
(Интернет материалдарынан) 
3.Арқардың негізгі жауы нелер? 
A)Қос аяқтылар. 
B)Сүт қоректілер. 
C)Шөп қоректілер. 
D)Ет қоректілер. 
E)Үй жануарлары. 
4.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан 
B)Мүйізі үлкен болғандықтан 
C)Меринос қойымен будандастыратындықтан 
D)Егіз төл беретіндіктен 
E)Суыққа төзімді болғандықтан 
5.Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A)Шөлейт жерлерді 
B)Тау бөктерлерін 
C)Құмдауыт ойпаттарды 
D)Егіс алқаптарын 
E)Жазық даланы 
6.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 
B)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 
C)Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
E)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   674




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет