Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Психикалық автоматизмнемесе Кандинский – Клерамбо синдромы



бет60/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Психикалық автоматизмнемесе Кандинский – Клерамбо синдромы
Психикалық суреттеменің ядросы болып әртүрлі психикалық автоматизмдер (ойлағыш, сезім, қозғалғыш) және физикалық немесе психикалық әсер ету сандырағы мен көрінеді. Алғашқы рет В.Х.Кандинский (1885) мен Клерамбо(1926) психикалық автоматизм синдромын ашып анықтаған. Психикалық автоматизмдердің 3 түрі байқалады:
1. ассоциативтік (идеаторлық, идеовербалдік)
2. сенсорлық (сенестопатикалық, сезгіштік)
3. қозғалғыштық (моторлық, кинестетикалық)

Идеаторлық психикалық автоматизм – «ой жүгіртуімен, ағуымен, ойлардын дыбыстануымен, басқа ойларды салынуымен, ойлардың жасанды болуымен, «ой оқуымен» көрінеді, ойдың жаңғыруы байқалады, абыржушылық дамиды, естің қажетті материалын еске сақтау мен еске алу қиындайды. Ұйқы үстірт, нашар болады, қорқыныш, қайран қалу, т.б. кездеседі.қ автоматизм – ішкі ағза әсерінен көрінеді, жағымсыз, ауру сезімімен жүреді.Науқастарды бірнәрсе басып тұрғандай, өзі айналып тұрғандай, суықты, ыстықты т.б. сезімдерді айтады, олар сыртынан арнайы


әсерімен шақырылғанын сезінеді. Сенсорлы автоматизмде науқастар ағзасында физиологиялық әсерлер: жыныстық қозу, тәбетінің бұзылуы, дәм сезу бұзылуы, зәр шығаруды ұстай алмауы әсер ету сандырағымен ақырылады. Қозғалғыш (моторлық) автоматизм – бұл сыртқы күш әсерінен қозғалыстар туындайды деп санау. Басында жеке керексіз, еріксіз немесе мимикалық қозғалыстар туындайды. Қозғалыс автоматизмі
әсер ету сандырақпен бірігіп жүреді. Қозғалыс автоматизміне психомоторлық галлюцинация (Сегла) жатады.
Бұл бұзылыстың 3 сатысын бөліп көрсетуге болады.
1) науқас іштей ойлағандағы,тілі мен ернінің сырттай қозғалмасада, науқасқа қозғалғандай сезімінің болуы.
2) оймен айтылған сөздер дыбысталып, бір мезетте ерін мен тілдің сәл – пәл қозғалғанын сезінуі
3) нағыз артикуляциялық қозғалыс туындап, сол себепті науқас еріксіз сөздерді және сөз тіркестерін айта бастайды.
Психомоторлық галлюцинация ассоциативтік және қозғалыс автоматизімінің бұзылуларының қосылуымен көрсетіледі. Науқастар өзінің іштей «мен» атты сезіміне ішкі жан дүниесінің жатуының бұзылуы, сыртқы заттардың, техникалық әлдебір әсерлері негізінде бұзылған деп есептейді.
Жалған елестер – Кандинский-Клеромбо синдромының “ядролық” бұзылыс болып табылады. В.Х. Кандинский анықтамасы бойынша: ақиқат мазмұнға
жақын, аңдудың бейнелі сандырағы, жекеленген вербальдық галлюцинацияда қорқыныш, үрей, абыржуды білдіретін транзитті пароноидты синдромы. Оның шынайы галлюцинациядан айырмашылығы - анық объективті іс әректтің сипатының жоқ болуында. Жалған елестер көбіне сандырақтың сыртқы әсерлермен, басқалардың реттеуімен жүреді деп сезінеді, бұл әсер ету сандырағы. Оған сыртқы және басқа бір күштің қосылуымен сандырақ әсері туады. Сандырақтың туындауына әсер етуші сыртқы күштерді: ғылыми жетістіктер, космос пен лазер, атом техникалық жетістігі т.б.Әсерлердің негізгі мақсаты науқастың ойынша, оны тәрбиелеп,
ақыл айтып, болашаққа дайындау болып саналады. Науқаста ішкі ойлау диалогы көрінуімен байланысты, ойлау, үнсіз сөйлеу, телепатиялық ойлау, ойды беру т.б. сезімдер идеаторлық автоматизм бұзылуына байланысты жүреді. Көбіне бұнда сезімдер депрессиямен жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет