Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 49-50. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі



бет182/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 49-50. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі


Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін Қазақстанда да реакция кезеңі басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалар тасқыны санының арта түсуінен, қаражүздіктер ұйымдарының озбырлық іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Міне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға бағытталған қызметін күшейте түсті.
1. Реакцияның күшеюі. 1907 жылы қазақ сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері «сенімсіз» қара тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтығы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақ пен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.
1907 жылы Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінің мәртебесі төмендетілді. Қазақ балаларына өздерінің ана тілі бастауыш мектептерде екі-ақ жыл, оның өзінде де қосымша пән ретінде оқытылатын болды. Өзге пәндердің бәрі де орыс тілінде жүрді. Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.
Өкімет билігінің тікелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздік ұйымдар құрылды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді.
Патша үкіметінің мұндай іс-әрекеттері Ресей халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да наразылығы мен ашу-ызасын тудырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет