§5. Қазіргі адам іс-әрекетінің экожүйеге әсері Адам іс-әрекетінің экожүйеге кері әсері. Адам іс-әрекетінің табиғи экожүйеге кері әсері
орасан зор . Ол үнемі арта түсуде. «Адамзат өз
іс-әрекетінің салдарынан туындаған күрделі өзгерістерден жойылып
кетпей ме?» деген сұрақ туады. Адамзат іс-әрекетінің экожүйеге едәуір
күшті әсер ететін салаларын қарастырайық.
1. Өнеркәсіптік өндіріс, бірінші кезекте, қоршаған ортаға көп
мөлшерде түсетін зиянды шығарындыларымен байланысты. Қандай
да бір өнеркәсіптік материалды алу үшін адам табиғаттан кен, мұнай,
көмір сияқты басқа да заттарды алады. Ал пайдаланып болған соң олар
химиялық өзгерген күйінде қалдықтар түрінде табиғатқа қайтарылады
(15-сурет). Өсімдіктер де, жануарлар да бұл қалдықтарды тірі ағзаларға
зиянды емес заттарға айналдыра алмайды.
14-сурет.