219
оның мүшелері толық қайтадан түзіледі. Мысалы, қанаты, мұртшалары,
басқа көру мүшелері т.б. қалыптасады. Бұл жай ғана өсу емес – дене
мөлшері ұлғаяды. Осылай толық түрленіп дамитын жәндіктің дамуы
төрт сатыдан тұрады; жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік.
Толық түрленіп дамудың биологиялық мәні:
мұндай әдіс бір түрдің
ересек және жас даралардың арасындағы қорекке бәсекелесті азайтуға
мүмкіндік береді.
Толық түрленіп дамыған жәндік дернәсілі көбінесе басқа қоректі
жейді. Мысалы, көбелек жұлдызқұрты жапырақпен, ал ересек дара-
лары нектармен қоректенеді. Заузақоңыздың дернәсілдері топырақта
3 жыл мекендеп, шөптер, бұтақтар және ағаштар тамырларымен
қоректенеді. Ал ересек жәндіктер жапырақ жейді. Суда тіршілік ететін
маса дернәсілдері ұсақ су омыртқасыздарымен, ал ересек масалар нек-
тармен және қанмен қоректенеді.
Жәндіктердің даму типтері – барлық отрядты екі класс тармағына
бөлу үшін критерий болып табылады.
Толық және шала метаморфоз, жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ,
ересек жәндік.
Достарыңызбен бөлісу: