Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Географиялық карта жəне оның қасиеттері



Pdf көрінісі
бет15/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Географиялық карта жəне оның қасиеттері. 
Жер бетінің 
толық немесе оның кез-келген бөлігінің белгілі бір масштабпен 
кішірейтіліп алынған кескінін (үлгісін) 
географиялық карта
дейміз. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-жақты 
ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасан-
ды кескінді 
үлгі (модель) 
дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды 
зерттеу мүмкіндігі болмай немесе қиын болған жағдайда оның 
үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер бетінің 
кеңістіктік
бейнелі – шартты белгілі үлгісіне
жатады. Картографиялық 
үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тəн 
ерекшеліктері бар. 
Біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп 
бөлігін, гидросфера мен атмосфераны, биосфераны қамтитын 
географиялық қабықтағы барлық құбылыстар мен нысандар 
қамтылады.
Екіншіден, адамның өмірі мен қызметіне байланысты 
əлеу мет тік-экономикалық, сонымен қатар, жер бетіне жақын 
орналасқан барлық құбылыстар қамтылған картографиялық 
үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез-келген насынның 
географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға болады.


12
Шынайы құбылыстардың орналасуын, өзара байланыстарын 
оқып-үйрену мақсатын көздейтін үлгілеудің түрі географиялық 
картаның танымдық қасиетін картография ғылымының ерек-
ше тілі ретіндегі жеңілдетілген қолжетімді болуымен көзге 
түсетін 
графиктік кескінді кеңістіктік-бейнелі шартты белгі лер
айқындайды. Атқаратын қызметіне сəйкес карталар белгілі бір 
математикалық ережелерге сүйеніп, картографиялық құбылыс-
тарды іріктеп жинақтау негізінде құрылады. 
Географиялық карталар фотосурет немесе салынған сурет 
түрін де емес, табиғат пен қоғамның əр түрлі құбылыстарының 
ке ңіс тікте орналасуын, таралу ерекшеліктерін оқып-үйрену ар-
қы лы білімді жинақтап, тіркеу негізінде жаңа білімді меңгеруге 
мүм кін дік беретін картографияның арнайы тілі шартты белгілерді 
пай далану:
– жер бетін толық немесе оның бөлігін кескіндеу үшін 
ең қажетті нысандармен құбылыстарды іріктеу арқылы карто-
графиялық кескіндерді белгілі бір масштабта өте кішірей туге;
– жер бетінің бедерінің ойлы қырлылығын горизонтальдардың 
көмегімен жазықтықта кескіндеуге;
– заттардың (құбылыстардың) сыртқы кескінін көрсетумен 
шектелмей, түпкілікті ішкі қасиеттерін (теңіз карталарындағы су 
асты бедерін, ағыстарын, температурасымен тұздылығы тағы да 
басқа қасиеттерін) ашып көрсетуге; 
– магниттік ауытқу, ауырлық күшінің анамалиясы, шикізат 
көздері мен тұтынушының арасындағы өзара байланыс сияқты 
біздің сезім мүшелеріміз сезіне алмайтын құбылыстардың тара-
луын көрсетуге;
– жеке заттар мен құбылыстардың онша мəлім емес тұстары 
мен оларға тəн жалпы белгілерді анықтап, абстракциялауға 
жүгінуге мүмкіндік береді. 
Біршама күрделі үрдістің бірі кескінделетін құбылыстарды 
іріктеу мен жинақтауды 
картографиялық жинақтау
қамтамасыз 
етеді. Картографиялық жинақтаудың нəтижелі болуы бір аумақ 
кескінделген масштабы əр түрлі карталарды бір-бірімен салы-
стыру барысында айқын байқалады. Қамтылатын аумақ артып 
масштабы кішірейген сайын кескінделетін жергілікті жердің 
суреті де кішірейіп оқуға қиындық тудыра бастайды. 


13
Көрнекілігін сақтап, мағынасын арттыру үшін картаның 
масштабына сəйкес қосалқы нысандарды алып тастау арқылы 
жинақтау қажет. Жинақтаудың бағыты мен дəрежесі картаның 
атқаратын қызметіне сай жүргізіледі. 
Картографиялық жинақтаудың
бағыты мен дəрежесі 
картаның тақырыбы мен онда кескінделетін құбылыстарды, 
шартты белгілердің нақтылығын айқындайтын қызметіне тікелей 
байланысты болады. Қорыта айтқанда, картографиялық жинақтау 
нəтижесінде картаның мазмұнын ашып, оны оқуды жеңілдету 
үшін тек тəжірибелік жəне теориялық тұрғыдан маңызы бар ба-
сты нысандарды қосалқылардан ажыратып, оларға тəн белгілерді 
анықтап дерексіздедіруге мүмкіндік беретін негізгі құбылыстар 
ғана іріктеліп алынады. 
Картографиялық үлгілердің маңызды қасиеттеріне қамтылған 
нысандардың орнын, жоғары математикалық дəлдікпен нақты 
көрсетілуін, 
көрнекілігі мен шолулығын
жатқызуға болады. 
Картографиялық өнімнің шолулық қасиеті арқылы географиялық 
картада кескінделген құбылыстардың негізгі ерекшеліктері 
мен өзара байланысын дайындығы бар оқырман бір көргеннен 
шолып өте алады. Оны кез-келген картадағы құбылыстар мен 
нысандардың сандық жəне сапалық қасиеттерінің іріктеліп 
жинақталып алынуы жеңілдетеді. 
Географиялық карта мен глобустарға тəн жоғарыда аталған 
қасиеттер аэрофото кескіндеу, ғарыштық кескіндеу, мате ма ти -
калық үлгілеу сияқты жер бетінің ешбір үлгісінде кездеспейді. 
Сондықтан географиялық шындықты танып білуде карта лардың 
маңызы зор. Картографиялық үлгі ретінде карталар 
коммуни-
кативтілік, жеделдік, танымдық, болжамдық
қызмет атқарады.
Географиялық картаны дерек көзі ретінде пайдалана отырып 
ақпараттың берілуін жүзеге асыруды географиялық картаның 
коммуникативтілік 
қызметі дейміз.
Географиялық картаның көмегімен навигациялық, жол 
құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару мүмкіндігін 
жеделдік
қызметі дейміз. 
Оқып үйренетін құбылыстардың болашақтағы дамуын анық-
тау мүмкіндігін географиялық картаның 
болжамдық 
қызметі 
дейміз.


14
Өндіріс пен ғылымның əр түрлі салаларында жəне мектеп 
оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалану-
ды географиялық картаның 
танымдық
қызметі дейміз. 
Белгілі бір құбылыстарды картаға талдау жасау негізінде 
оқыпүйренуді 
картографиялық зерттеу əдісі
дейміз. Бұл əдісті 
құру қазіргі картографияның басты міндеті болып табылатын 
картада кескінделген құбылыстарды танып білу мəселелерін 
қарастыратын пəннің ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды. 
Картографиялық əдістерді пайдалана отырып табиғат құбы-
лыс тарын зерттегенде жүйелік, кешендік қағидаларын кеңінен 
қол дану ға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде картографиялық əдіс-
пен жүргізілетін зерттеулер əлеуметтік ғылымдарда да кеңінен 
қол да нады.
Құнды ақпараттар сақталған дерек көзі əрі ғылыми-зерттеу 
құралы ретінде географиялық карталардың маңызы жылдан-
жылға артуда. Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды 
оқыпүйрену бұрын құрылған картаға талдау жасап, ондағы 
деректерді бақылау жүргізу нəтижесінде анықталған құбылыстар 
мен үрдістердің ерекшеліктерімен салыстыру арқылы жаңа кар-
талар құрылады. Танымның мұндай жолы негізінен жаратылы-
стану ғылымдарының ішіндегі жер туралы ғылымға тəн. Олар 
геология, физикалық география, геоморфология, зоогеография, 
өсімдіктер географиясы, топырақ географиясы.
Географиялық картаның белгілі бір аймақтағы əр түрлі 
құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланысын 
анықтау бағытындағы кешенді зерттеулерде де маңызы зор. Мы-
салы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда геотермальды 
сулардың геохимиялық құрамының өзгеруі мен жер қыртысында 
басталмақ қозғалыстың арасында байланыс барын анықтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет