Топографиялық картадан көзге көрінбейтін алаңды анықтау. Қандайда бір бақылау нүктесінде тұрған бақылаушының
көзіне көрінбейтін жер бетінің телімін
көрінбейтін алаң дейміз.
Бақылау нүктелеріне таралатын көздің бақылау сəулелерінің
астында орналасатын
бағыттың көрінбейтін аймағы үстірттің,
орман алқаптарының көтеріңкі беткейлердің немесе салынған
биік ғимараттардың ар жағында орналасады.
253 Көзге көрінбейтін алаңды анықтау əскери құрамалардың
қорғаныс əрекетінің барысында əскери техникалар мен
сарбаздардың жергілікті жерде көрінбей шоғырлану міндетін
шешуде маңызы зор [7.2-сурет].