Картографиялық проекция – Жер
элипсоидының немесе шардың
бетін жазықтықта кескіндеудің математикалық əдістері. Картография-
да қосалқы геометриялық жазықтыққа көшіру барысында бұрмалануды
азайтуды көздейтін цилиндрлі, конусты, көп конусты (қалыпты, көлденең,
көлбеу) сонымен қатар еркін, шартты проекциялар қолданылады.
Картографиялық бұрмалану – жазықтықта кескіндеу барысын-
да геойд тəрізді жер бетінің белгілі бір бөлігі мен ондағы нысандардың
геометриялық қасиеттерінің өзгеруі. Глобустан жазықтыққа көшіргенде
жер бетіндегі нысандардың пішіндері, ұзындықтары, ауданы мен көлденең
бұрыштары ауытқиды.