40
жіберіледі. Жоғары дəлдіктегі кодтар L
1
жəне L
2
тасмалдау
жиіліктерінде, ал азаматтық кодтар тек L
1
тасмалдау жиілігінде
жіберіледі. Бұл азаматтық кодтардың көмегімен өлшенген
қашық ионосфералық бұрмаланудан қорғалмағанын көрсетеді.
GPS жүйесінде бөлінген кодтық сигналдарды қабылдайтын
бір жиілікте жұмыс істейтін барлық жасанды жер серіктерінің
əрқайсысының өз кодтары болады. ГЛОНАСС-та сигналдардың
жиіліктерінің бөлетін əр жасанды жер серігінің өз жиілігі
болғанымен барлығының коды бірдей болады.
ГЛОНАСС пен GPS жүйесінің жасанды жер серіктері
қабылдағышқа телеметриялық деректері бар уақыт, уақыттық
белгілер жəне эфемеридтер (жердің жасанды серіктерінің коор-
динаттары есептелінетін деректер) туралы ақпараттар сақталған
навигациялық хабарламалар, сонымен қатар, жердің барлық
жасанды серіктерінің жағдайы мен орналасқан орны жөнінде
нақтылығы шамалы деректер жинағы - альманах жіберіп отыра-
ды. Альманах өлшеулерді жоспарлау үшін қажет. Қандайда бір
Жердің жасанды серіктеріне қатысты нақты деректерді тек оның
өзі ғана бере алады. Альманахтың ақпараттары Жердің барлық
жасанды серіктерінен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: