Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Динамикалық қатар жəне оның көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет23/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Динамикалық қатар жəне оның көрсеткіштері.
Динамикалық қатар деп статистикалық бірыңғай шамалардың 
қатарын айтады. Ол қандай да бір көріністің уақыт ағымына қарай 
өзгерісін көрсетеді. Динамикалық қатарды құрайтын сандар қатардың 
деңгейі болып табылады. Олар абсолюттік, салыстырмалы, немесе 
орташа шамалардан тұруы мүмкін. 
Динамикалық қатарды анықтайтын негізгі көрсеткіштерге жата-
тындар

Абсолюттік өсу (кері кету) – соңғы жылдың жəне алдыңғы 
жылдың көрсеткіштер айырмасы. 

Өсу жылдамдығы – абсолюттік өсудің алдынғы жылдағы 
көрсеткішке пайыздық қатынасы.

1%-дық өсімнің (кемудің) құндылығы абсолюттік өсудің өсім 
жылдамдығына қатынасы.

Даму жылдамдығы – кейінгі жəне алдыңғы деңгейдің пайыздық 
арақатынасы. 
Графикалық бейнелеу – бұл статистикалық шамаларды көрнекті 
етіп көрсетуге қолданылады. Графикалық бейне абсолюттік неме-
се салыстырмалы шамалар бойынша құрылуы мүмкін. Графикалық 
бейненің мынадай түрлері бар: 

Диаграммалар (сызықша, радиалды, бағаналы, бағана ішіндегі, 
мүсінді, көлемді, секторлы). 

Картограммалар. 

Картодиаграммалар.
Кез келген графикалық бейнені құрастырғанда мынадай ережелерді 
сақтау қажет:

əрбір графикалық бейненің өзіндік аты болуы тиіс. Онда бейненің 
мағынасы, уақыты жəне орны көрсетіледі;

ол белгілі бір өлшемде құрылуы керек;

əрбір графикалық бейнеге қолданылған бояуға жəне қосымшаға 
түсініктеме беру керек.

графикалық бейне статистикалық көрсеткіштің мағынасына сай
келуі тиіс.
Сызықты диаграмма
– көріністің даму бағытын көрсетеді. 
Оның көмегімен тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің ба-
рысын көрсетуге болады. Егер бір диаграмма бірнеше көріністі бей-
нелесе, оларды əртүрлі сызықтармен сызады. Бірақ диаграммада төрт 
сызықшадан артық қолдануға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет