Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Біріктірілген аурухананың бас дəрігері



Pdf көрінісі
бет50/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Біріктірілген аурухананың бас дəрігері
Бас дəрігердің 
емдеу жұмысы бо-
йынша орынбасары 
(стационар)
Емхана ісі жөніндегі 
орынбасар (емхана)
Əкімшілік-
шаруашылық 
ісі жөніндегі 
орынбасар 
(əкімшілік-
шаруашылық 
бөлім)
Ұйымдастыру-
əдістемелік 
жұмыстар 
жөніндегі 
орынбасар.
Бөлімдер:
- Хирургиялық
- Терапевтік
- Травматология-
лық

анестезиологиялық
- Қан тамырлары
- Жан сақтау жəне 
шұғыл терапия
- Гипербариялық 
оксигенация
- Неврологиялық
- Операциялық 
блок
Бөлімдер:
1.Терапевтік 
бөлмелер:
-
эндокринологиялық
- кардиологиялық
- дермотологиялық
- пульмонологиялық
2. Хирургиялық 
бөлмелер:
- травматологиялық
- проктологиялық
- урологиялық
- нейрохиругиялық
- емдеу-
Шаруашылық 
қызметтер:
- гараж
- сантехниктер
- слесарь
- лифтерлер
- кір жуу
- мұздатқыштар
- желдеткіш
- мамандар 
бөлімі
- мамандар 
бөлімі
- бухгалтерия
- жоспарлау-
экономикалық 
бөлім
- юрист
- оперативтік 
бөлім
10–7438


146
- Нефрологиялық
- Урологиялық
- Реабилитациялық
- Патолого-
анатомиялық жəне 
гистологиялық 
лаборатория жəне 
т.б.
диагностиикалық
- ренгенологиялық
компьютерлік томо
графпен бірге
- Ультрадыбы-
сты зерттеу жəне 
қызметтік зерттеу 
əдістері
- лаборатория
- Физиотерапевтік 
жəне емдік дене 
шынықтыру 
бөлмесі.
- бухгалтерия
- жоспарлау-
экономикалақ 
бөлім
- юрист
- оперативтік 
бөлім
- ұйымдастыру-
əдістемелік 
бөлім
- ұйымдасты
ру-əдістемелік 
бөлім
3) Стационарлық дəрігер мамандардың көмегімен емханалық 
дəрігерлердің біліктілігін арттырады. Оны бірге өткізетін клиникалық 
конференцияларды ұйымдастыру, емдеу барысында жіберілген 
қателіктерді талқылау, ауруларды бірге тексеру жəне кеңес беру, 
біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру əдістерімен жүзеге асы-
рады.
Орта жəне кішігірім қалаларда көпсалалы жəне жалпы ста-
ционарлар, ал ірі мегаполистерде жəне облыс орталықтарында 
мамандандырылған стационарлар ұйымдастырылады. Олардың 
қатарында кардиоревматологиялық, кардиохирургиялық, инфекциялық, 
дерматовенерологиялық, офтальмологиялық, пульмонологиялық, 
гастроэнтерологиялық, перинатальдық, эндокринологиялық, 
психоневрологиялық, нейрохирургиялық орталықтар бар. 
Жалпы жəне мамандандырылған стационарлар медициналық 
жоғары оқу орындарының клиникалық базасы болу мүмкін. Біздің 
Республикамызда ғылыми, ұйымдастыру-əдістемелік жəне емдеу-
профилактикалық бірлестіктер ретінде бірнеше мамандандырылған 
медициналық орталықтар құрылған. Бұл орталықтарда белгілі бір 
ауруларды емдеудің, диагностикасының жəне профилактикасының 
тиімді жаңа əдістерін іздейді, арнайы мамандандырылған медициналық 
көмекті барынша ұтымды ұйымдастыру жолдарын жасайды жəне 
жоғары білікті дəрігер мамандарды даярлайды. Қазіргі таңда біздің 
елімізде кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, пульмонологиялық, 
ана мен баланың денсаулығын қорғау орталықтары ұйымдастырылған 
жəне олардың қатары одан ары кеңеюде. 
Біріктірілген ауруханалар денсаулық сақтау жүйесіндегі ең жиі 
кездесетін медициналық мекемеге жатады. Оның бас дəрігері мекеменің 
барлық емдеу-профилактикалық, əкімшілік-шаруашылық жəне 
қаржылық жұмыстарына жауап береді. Оның медициналық, емханалық 
жəне əкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі орынбасарлары бар. Бас 


147
дəрігер науқастардың дер кезінде тексеруден өтуін, емдік шаралармен 
қамтылуын, аурулардың дұрыс күтілуін, диспансерлік қызметтің са-
пала көрсетілуін, қызмет көрсету аумағында профилактикалық жəне 
эпидемияға қарсы күрес шараларының белсенді жүргізілуін, меди-
цина мамандарының біліктілігін арттыруын, аурулар тарихының 
дұрыс жүргізілуін, аурухананың медициналық жəне шаруашылық 
жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілуін ұйымдастырады жəне 
қадағалайды. Ол аурухананың қызметтік көрсеткіштерін жүйелі түрде 
сараптайды, жұмыс жоспарын жəне сметасын бекітеді, медициналық 
материалдар мен дəрі-дəрмектердің орынды жұмсалуын қадағалайды, 
ауруханадағы санитарлық жағдайға жауап береді жəне мамандарды 
дұрыс таңдап, оларды қажетті жұмыс орындарына тағайындайды.
Бас дəрігердің медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары ауру-
ханадағы медициналық қызметтің көрсетілу сапасына жауап береді. 
Оның ішінде емдеу-профилактика жəне санитарлық-эпидемиологиялық 
жұмыстарды басқару; емдеу-профилактика жұмыстарының тиімділігін 
тексеру; стационарда жəне үй жағдайында орын алған əрбір өлім 
оқиғаларын сараптау; емдік тағамдану жəне емдік дене тəрбиесі жұ-
мыстарының дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; науқастарға 
медициналық кеңес беру шараларын ұйымдастыру жұмыстары бар.
Бас дəрігердің емханалық жұмыстар жөніндегі орынбаса-
ры біріктірілген емхана жұмысын басқарады жəне тұрғындарға 
емханалық медициналық көмек беру жұмысын ұйымдастырады. Оның 
ішінде емхананың емдеу-профилактикалық жəне эпидемияға қарсы 
шараларының жоспарын жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету; 
қадағалау-сараптау комиссиясын тағайындау, оның жұмысын басқару; 
белгіленген тұрғындардың арасында диспансерлік бақылауды 
ұйымдастыру, оның сапасы мен тиімділігін қадағалау; бекітілген аумақ 
тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеп, ди-
намикасы мен дамуына баға беру жұмыстары бар.
Бас дəрігердің əкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі орынбасары 
аурухананың барлық əкімшілік-шаруашылық жұмыстарын басқарады. 
Оның ішінде, аурухананы шаруашылыққа қажетті құралдармен, 
тағамдық заттармен, жылумен, жылы сумен, жарықпен қамтамасыз 
етуді ұйымдастырады. Аурулардың тамақтануын, аурухананың жылуы 
мен жөнделуін, өртке қарсы шараларды, төсек-орынмен, ақжаймамен, 
көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. 
Аурухананың жылдық есебін жасау үшін стационардың есепке 
алу формалары зерттеледі. Олардың ішінде, стационарлық аурудың 
медициналық картасы (ауру тарихы); науқастар мен төсек-орын 
қорын есепке алу қағазы, стационардан кеткен аурулардың картасы, 
аурушаңдық қағазы бар.
Стационардың жұмысын сараптау үшін төсек-орынның орташа 
жылдық қолданысы, төсек-орынның айналымы, науқастың стационар-


148
да жатуының орташа ұзақтығы, өлім жиілігі, клиникалық жəне патолго-
анатомиялық диагноздардың алшақтық жиілігі сияқты көрсеткіштер 
есепке алынады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштермен қатар дəрігерлік диагностика-
ның сапасын анықтайтын көрсеткіштерді де есептеу қажет. Олар-
ды есептеу үшін аурудың тарихын зерттеу қажет. Осы көрсеткіштер 
жүйесі аурухананың жылдық есебінің негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет