209
жақсартудың келешектегі ең тиімді əдістері: таза немесе алғашқы
айдау бензинімен қоспа күйінде терең гидрлеу жəне риформингтеу;
тура айдаумен алынған дизель фракцияларымен қосып гидротазалау.
Жеңіл газойль пеш жəне газтурбина отындарын алуда пайда-
ланылады, сонымен қатар оны гидротазалаудан кейін дизель отынын
дайындау үшін қолданады.
Ауыр газойль техникалық көміртегі өндіруге шикізат дайындай-
тын термиялық крекинг қондырғысына немесе қазандық отынын
алуға жіберіледі.
Мұнай коксі қара түсті қатты кеуек өнім. Оны алюминий
өндірісін де анод массасын, болат балқыту өндірісінде, күкіртті көмір-
тегі, кальций мен кремний карбидтерін өндіруге, графиттелінген
электродтар алуда пайдаланады. Кокстың арнайы түрлерін өте
агрессивті ортада жұмыс істейтін химиялық аппараттар материалы
есебінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: