Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет50/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
5-сурет.
Мұнайды тұрақтандыру қондырғысы
I – тұрақсыз мұнай; II – тұрақты мұнай; 
III – конденсацияланбаған газ; IV – газ конденсаты. 
Т – жылу алмастырғыш, П – пеш, Е – тұндырғыш, К – колонна. 


108
Құрамында 1,5% масс. көп газы бар мұнайды тұрақтандыру үшін 
екі бағаналы қондырғы пайдаланылады. Екінші бағана газды-бензинді 
тұрақтандыру үшін қолданылады. Шикізат тұрақтандырылған мұнай-
мен бірге T-1 жылу алмастырғышта жылытып, бу жылытқышқа 
T-2 жіберіледі. Ары қарай ректификациялық бағанаға, яғни ста-
билизаторға K-1 түседі. K-1-де қысымды 0,2-ден 0,4МПа-ға дейін 
ұстап тұрады. Бұл бензин буының жақсы конденсациялануына жағдай 
туғызады. Бағананың K-1 төменгі жағындағы температураны П-
пеште қыздырылған тұрақтандырылған мұнай реттеп отырады. Жеңіл 
көмірсутектер С
1
-ден С
5
-ке дейін ХК-1 конденсатор-тоңазытқышта 
(салқындату) конденсацияланып, Е-1 тұндырғышқа жіберіледі. Кон-
денсацияланбаған көмірсутектер тұндырғышта газ бен сұйыққа 
бөлінеді. Газ Е-1-ден ары қарай өңдеу үшін газ өңдейтін зауытқа (ГӨЗ) 
жіберіледі. Сұйық өнім – газ конденсаты мұнай химиясы өндірісіне 
жіберіледі.
Тұрақтандырылған мұнай бағананың төменгі жағы арқылы жы-
луын Т-1 жылу алмастырғышқа береді жəне салқындатқышта суы-
тылады. Тұрақтандырылған мұнайда газды көмірсутектердің мөлшері 
1,5%-ға дейін болады.
7.2. Мұнайды газсыздандыру 
жəне сусыздандыру
Мұнайды газдан бір сатылы жəне көп сатылы сепарациялаумен 
бөліп алу. Мұнайлы-газды қоспа ұңғымадан тік қалбыр С-1-ге келеді. 
Бұл қалбыр трапа деп аталады. Трападан газ газ жинайтын коллекторға, 
ал мұнай өлшегіш қазанға кетеді. Газ жинайтын коллектордағы газ газ 
– бензинді зауытқа, одан əрі қарай өңделуге беріледі. Коллекторға бір 
немесе бірнеше жақын жатқан мұнай кен орындарының жүздеген, 
тіпті одан да көп ұңғымалары жалғанады. Трапада өтетін бөліну 
қысымы төмен (1-2 атм.), сондықтан газды газ-бензинді зауыттарға 
беру үшін ПК-1 компрессорымен қысады. 
Өлшегіш қазаннан мұнай өзі ағу арқылы немесе сорап ар-
қылы мұнай жинайтын пунктке барады, сол жерде ол сусыз-
дандырылады.


109
6-сурет. 
Мұнайды газсыздандыру қондырғысының 
технологиялық сызбанұсқасы
Бұл сораптар бір сатылы, сондықтан газдың бəрі толық бөлінбейді, 
40-50% мұнайда қалады. Кейін өлшегіш қазанға түсіп, одан мұнай 
жинайтын пунктке барып, көпшілігі ауаға ұшып кетеді. Сондықтан 
көпсатылы сепарациялау тиімді. Ұңғымада жоғары қысым ұсталады. 
Ұңғымаға жақын жерде қысымы 6-7 атм. тең болатын сепарацияның 
бірінші сатысы С-1 орналасқан. Бұл қысым басқа қысымсыз, газды 
газ-бензинді зауытқа беруге жеткілікті. Газ бөлгіштен мұнайдың 
қалғаны еріген газбен бірге өзі ағу арқылы орталық жинау пунктіне 
жиналады. 
Бұл пунктте əр ұңғымадан келген ағын жиналады. Қысым азаюы 
арқылы тағы да С-2-де газдың бөлінуі жүреді. Бұл газ компрессор 
арқылы газ-бензинді зауытқа беріледі. Көпсатылы сепарацияның 
маңызы – мұнайдан газ біршама жақсы бөлінеді, газ бен мұнай 
тамшылары ілесіп кетуі тоқтайды жəне газды қысу үшін энергия аз 
жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет